04 08.2017

Әлемдік велоспорт жұлдыздары Астанада!

2017 жылғы 12 тамыз күні Астанада Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) қолдауымен «Тур ЭКСПО 2017» (AstanaExpoInternationalCriterium) кәсіби шоссе вело жарысы-критериумы өтпек.

 

Критериум қатысушыларын таныстыру сағат 12:00-де «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің (Амфитеатр) аумағында басталады, сол жерде сағат 13:00-де жарыстың Салтанатты (Нейтралды) старты өтеді. Бұдан әрі, велошабандоздардың пелотоны Жарыс-критерум мен жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтетін Бәйтерек монументі көшесінің квадратындағы орынға  қарай қозғалады.

 

Критериумға әлемнің 15 елінен Әлемдік турненің кәсіби командалары, континенталдық командалар мен құрамында Гранд-турлардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, велоспорт бойынша Олимпиялық ойындардың медалистері бар Ұлттық құрамаларды қосқанда 20 команда қатысады.

 

Критериумның барлық қатысушылары Түркістан, Достық, Ақмешіт, Қонаев көшелері бойынша Бәйтерек монументінің айналасында әр айналымы 1,6 км болатын 30-35 айналымды жүріп өтуі тиіс. Осылайша, елорда көшелері бойынша шапшаң жарыс-критериумның жалпы қашықтығы 50 километрге жуықтайды.

 

– Критериум дайындығы график және барлық талаптар мен стандарттарды сақтау бойынша өтеді. Жеке өз басым трассаны мәлімделген нормаларға сәйкестігін тексеріп шықтым.Ұйымдастырушылармен UCI Халықаралық велосипедшілер одағының барлық регламенттері қатаң сақталды. «Тур Экспо 2017» критериумы өте шапшаң қарқынды жарыс болғандықтан, қызықьы өтетініне сенімдімін. Бұл қазақстандық велоспорт үшін айтулы үлкен оқиға болмақ, – дейді жарыс консультанты Алан Раштон.

 

«Тур Экспо 2017» жүргізушісі әрі комментаторы «Eurosport» Еуропа бас спорт арнасы орыс редакциясының алтын дауысы, танымал ресей журналисі Сергей Курдюков болады деп күтілуде. Бұдан басқа, аса ірі әлемдің спорт арналарының бірі «Eurosport 2» веложарысты тікелей эфирде Астана уақыты бойынша сағат 13:30-14:30 аралығында көрсететін болады. Жанкүйерлер жарыстың бүкіл барысын бастан-аяқ «Kazsport»ұлттық спорт арнасының эфирінен көре алады, жарыс көрсетілімі гранд-турлардың халықаралық стандарттарына сәйкес іске асырылады: мотоциклден, тікұшақтан түсіру және стационарлық телевизиялық түсірілімдер.

 

Критериум жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты аяқталғаннан кейін «Тур Экспо 2017» жанкүйерлері мен көрермендері үшін  фан-аймақ аясында ойын-сауық бағдарламасы, сондай-ақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылады.

 

Критериум маршрутының схемасы мен кестесі мұнда: tourexpo2017.com

 

Share:

Leave a comment

Войти с помощью: