27 06.2018

Даниил Фоминых – еліміздің ең жылдам шабандозы

 

Бүгін Алматыда тас жолдағы велоспорттан Қазақстан Республикасының ұлттық чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды.

Алғашқы болып жекелей уақытқа арналған сайысқа жоғарғы деңгейдегі ерлер шықты. Жалпы қатысқан 23 шабандоздың басым бөлігі «Астана» командасының өкілдері Алексей Луценко, Даниил Фоминых, Жандос Бижігітов, Андрей Зейц пен Артем Захаровтар еді.

Жекелей сында ең жақсы нәтижені Даниил Фоминых көрсетті. Ол 50 шақырымдық қашықтықты 1 сағат, 3 минут, 42 секундта жүріп өтті. 26 жастағы Алматы облысының спортшысы 2014 жылы дәл осы сында ел чемпионы атанған еді.

«Жарыс өте тамаша өтті. Айналма өте қызықты екен. Бүгінгі күн райы да жақсы болды. Аса қатты ыстық болмады. 25 шақырымнан тұратын 2 айналым жүріп, 50 шақырымды еңсердік. Жалпы алғанда жарыс жолы қызықты. Техникаға сүйенетін бұрылыстар, белестер мен, ойпатты жерлерде бар екен. Бұл жолда бірінші рет жүрдім. Дегенмен, барлығы ойдағыдай өтті».

Енді мен 1 шілде күні топтық сайысқа қатысамын. Ол жарыста өте қызықты өтетініне сенімдімін. Бүкіл күшімді сарп етуге тырысамын», – деді Даниил Фоминых.

Айта кету керек, жарыс өтетін жол сол бұрыңғыша өзгеріссіз қала берді. Бұл аймақта ұлттық чемпионаттың 2016 және 2017 жылдардағы сайысы да өткен. Сонымен қоса бұл жер «Алматы туры 2016» мен «Алматы туры 2017» жарысының да жолсызбасына енген.

Өз нәтижесімен 18 жасар Игроь Чжан таңқалдырды. Ол Даниил Фоминыхқа небәрі 1 минут, 7 секунд қана жеңілді де, екінші орынды иемденді. Естеріңізге сала кетсек, Игорь Чжан 2017 жылы Бергенде өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында жекелей сында үздік 5 қатарына енген болатын.

Күміс жүлдегер мен қола жүлдегердің арасын небәрі 1 секунд қана бөлді: Андрей Зейц жарысты 1 сағат, 4 минут, 50 секундта аяқтады.

Өткен жылғы чемпион Жандос Бижігітов өзінің атағын қорғап қала алмады – ол 4-орыннан көрінді. «2017 жылдың үздік спортшысы» Алексей Луценко жекелей сында 5-келді.

Жасөспірімдер сайысында қашықтық екі есеге аз болды. Ал оны Евгений Федоров ұтты. Екінші орынды Глеб Брусенский жеңсе, үшінші орын Игорь Юсифовқа бұйырды.

Жекелей сындағы сайыста (25 км) ұлттық чемпион деген атаққа Наталья Сайфутдинова иелік етсе, күміс жүлде Фаина Потаповаға, қола медаль Татьяна Генелеваға бұйырды.

Ал жарысқа ең соңғы болып жасөспірім қыздар шықты. Жекелей сында (25 км) бойжеткендер арасында Светлана Пащенко жеңді. Екінші орын Марина Курносоваға бұйырса, Анжела Соловьева үздік үштікті қорытындылады.

Қазақстан Республикасының ұлттық чемпионаты 1 шілдеге дейін созылады. Ертең жастар мен жасөспірімдер командалық және жұптық командалық сайысқа түседі. 29 маусым күні бойжеткендер мен әйелдер топтық бәсекені өткізеді. 30 маусым күні топтық жарысты жасөспірімдер жүріп өтсе, 1 шілде күні топтық жарыста жоғарғы деңгейдегі ерлер сайысы күтіп тұр.

 

Share:

Leave a comment

Войти с помощью: