02 11.2018

Велоспорт федерациясының бас хатшысы жыл қорытындысын шығарды

– 2018 жылы Қазақстан велоспортында бірқатар айтулы оқиғалар орын алды. Тас жолдағы велоспорттан бастасақ. Біздің құраманың биылғы жылғы нәтижелеріне қандай баға бересіз?

– Биылғы жыл біз үшін әсіресе, тас жолдағы велоспорт шабандоздары үшін сәтті өтті дегенмен толықтай келісемін. Маусым велесебедшілердің Азия чемпионатында жақсы өнер көрсетуімен басталды. Құрама екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды. Біз, Қазақстан, тас жолдағы велоспорттан Азия көшбасшысы екенін ылғи да айтып жүреміз. Құрамамыздың керемет өнер көрсетуі оны тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Алдымен Алексей Луценко жекелей уақытқа арналған жарыста жеңіске жетіп, құрлықтың ең жылдам шабандозы атанды. Ал одан кейін біздің жігіттер – Луценко, Бижігітов, Фоминых және Гидичтер топтық жарыста жеңімпаз атанды. Яғни, құрамамыз екі алтын жүлдеге ие болып, 100 пайыздық нәтижеге қол жеткізді.

Күзде Инсбруктегі Әлем чемпионатында Алексей Луценко жекелей уақытқа арналғын жарыста 11-орынды иеленіп, абыройлы өнер көрсетті. Ал былтырғы жылы топтық жарыста 9-нәтиже көрсетіп, әлемнің үздік велесебедшілері қатарынан табыла алатынын көрсетті.

Маусыма яқталғанда қазақстандық велоспорт тағы бір маңызды нәтижемен толықты. Глеб Брусенский мен Евгений Федоров тарихта алғаш рет Жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль иеленіп, тамаша жетістікке қол жеткізді.

Біздің қазіргі таңдағы ең басты мақсатымыз – велоспортта алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарынан табылу.

– Ал кәсіпқой клубымыз «Астана» үшін маусым қалай өтті?

– «Astana» ProTeam үшін маусым жаман аяқталған жоқ. 62 мәрте тұғырдан көрініп, командалық есеп бойынша 8 мәрте жеңіске жетті. Сонымен қатар, Гранд-турлардағы; «ДжироД’Италия» мен «Тур де Франстағы» екі жеңіс тұғырынан табылғанын атап өту керек. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл әлдеқайда жемісті болды. Команданың менеджменті тарапынан айтар болсақ – Әлемдік турдың жұлдыздарына қарағанда жас таланттарға сенім арту – өте дұрыс, әрі орынды.

– Құрлықтық велокомандалардың жетістіктері қандай?

– Қазіргі таңда Қазақстанда тас жолдағы велоспорттан үш құрлықтық команда бар. Олар Astana City, Vino Astana Motors және Apple Team. Бұл клубтар құрамында ұлттық құрама шабандоздары халықаралық жарыстарға дайындалады. Олар біз үміт күтіп отырған ұпайларын жинауды жалғастыруда. Олимпиада қарсаңында бұл рейтингтік ұпайлар бұрынғыдан да құндырақ бола түспек. Одан бөлек бірқатар аймақтар жаңа клубтардың ашылуына қызығушылық танытып отыр. Егер қолдау болып жатса кейбір облыстардағы облыстық клубтарды құрлықтық велокомандаларға өзгерту үшін қайта дайындаудан өткізуге болады.

– Трек велоспортының жағдайы қалай?

– Тас жолдағы велоспортқа қарағанда трек қиындау әрі аса қатты дами қоймаған. Трекшілер үшін маусым Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетумен басталды. Яғни таңдаулылар мен жасөспірімдер, жасөспірім қыздар жалпы саны 8 медаль иемденді. Спринтер-ерлер арасында да айтарлықтай жақсы нәтиже байқадық. Әлем кубогында кейриннен Павел Воржев 7-орынға ие болып, Әлем чемпионы Мэттью Глецерадан басым түсті.

Одан бөлек, биылғы жыл Андрей Чугайдың өнер көрсетуімен есте қалды. Ол Қазақстан құрамасының тарихында бірінші мәрте жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында спринттен медаль еншіледі. Андрей элита қатарына еніп, 2020-жылы болатын Олимпиада Ойындарына беретін жолдамаға талас жүргізуге дайындалуда.

Сонымен қатар, Азия Ойындары кезінде Артем Захаров та екі қола медаль еншіледі. Ол өзінің сүйікті жарысы омниумда және жекелей сындағы із қуу жарысында көзге түсті. Ал сол жарыста біздің шабандоздарымыз құрама команда ретінде төртінші орыннан көрінді.

Естеріңізге сала кетсек, Токиода өтетін Олимпиадаға трекшілер лицензия үшін алғашқы ұпайларын да жинай бастады. Осыдан бір апта бұрын құрамамыз Әлем кубогының кезеңіне де қатысып үлгерді. Демек, Олимпиада ойындарына қатысу үшін нағыз тер төгетін кез десек артық емес.

– Азия ойындарында маунтинбайктен де медаль еншілеудің реті келді. Ұлттық Олимпиадалық Комитет бұл спортты С категориясына жатқызып жүрген. Бәлкім осыдан кейін олар бұл спорттың санатын қайта қарастыруы мүмкін бе?

– Әрине, Кирилл Казанцевтің биыл көрсеткен нәтижесінің арқасында маунтинбайк В категориясына көтерілуі де мүмкін. Оның үстіне қазір Кирилл Олимпиада ойындарына беретін жолдамаға таласты бастап та кетті. Азия Ойындары оның жақсы бабына келе бастағанын көрсетті. Сонымен бірге, құрлықтық додада қазақстандық маунтинбайкерлердің әлемдік аренада жоғары деңгейде өнер көрсете алатынын дәлелдеді. Дегенмен оларға техникалық жағынан сәл де болса қоса түсу қажет. Ол үшін қазір ҰОК жағдай жасап, жақсы велосипедтер мен тағы да сол секілді керек-жарақтарды әперді.

– BMX спорты да Олимпиада ойындарының бағдарламасына енеді. Бұл спорттың еліміздегі даму қарқынын қалай бағалайсыз?

– BMX баяу болса да, алға жылжып дамып келе жатыр. Өткен жылы бұл спорт түрінен Астанада алғаш мәрте Қазақстан чемпионатын өткіздік. Ал биыл Талғарда ашылған жаңа кешенде екі бірдей жарыс ұйымдастырдық. Енді алдағы уақытта өзге өңірлерде ВМХ-трек үшін жаңа заманауи кешендер салғымыз келеді.

– Үстіміздегі жылдың басында спорт жайлы арнайы заң қабылданып, көптеген құзыреттік ҰОК тарапына ауысты. Ал велоспорт федерациясына бұл жағдай қандай да бір пайдасын тигізді ме?

– Жыл басынан бері біз ҰОКпен бірге біршама жобалар өткізіп, жақсы қарым-қатынас жасап үлгердік. ҰОК тарапынан бірнеше керекті құрылғылар сатып алынды. Сонымен қатар, аталмыш ұйымның бастамасымен кешенді-ғылыми топ құрылды. Әрбір құрамада олармен бірге оқу-жаттығу жиындарына баратын дәрігерлер пайда болды. Бұрындары тек массажисттер ғана болса, енді әртүрлі жағдайға маманданған дәрігерлер де командамен бірге жүретін болды. Мысалы, физиотерапевттер, психологтар, диетологтар деген секілді. Солардың арқасында құрамалар Азия Ойындары мен Жасөспірімдер Олимпиадасына жақсы дайындық жұмыстарын жүргізді. Оның барлығы нәтижеге қатты әсерін берді.

– Федерацияның келер жылға қойып отырған жоспарлары қандай?

– 2019-жыл – Олимпиада алдындағы жыл. Бұл ең алдымен құрама сапына келіп түсетін жолдамалар. Демек, біз 2019 жылдың барлық жарыстарына барынша маңызбен қараймыз деген сөз. Онымен қатар келер жылы бізде «Алматы Туры» велододасының жетінші жарысы өтеді. Алтыншы мәрте ұйымдастырылған додада әдеттен тыс керемет ұйымдастырылды. Біз одан шабыт алып, ендігі жарысты одан да мықты қылып өткізуге тырысамыз.

Сондай-ақ халықаралық Silk Way Series Astana жарысы да трекшілердің жарыс күнтізбесіне енеді. Биылғы жарыс Әлем кубогы алдындағы соңғы дайындық іспеттес өтті. Сайысқа Гонконг, Мажарстан, Ресей, Армения, Беларусь елдерінен спортшылар келді.Сондықтан да, келер жылы да бұл жарыс жоғары деңгейде өтеді деп ойлаймын.

Share:

Leave a comment

Войти с помощью: