06 12.2018

ГЛЕБ БРУСЕНСКИЙ: БІЗ ТАБАН ЕТ, МАҢДАЙ ТЕРДІҢ АРҚАСЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІК

Биыл Буэнос-Айресте өткен жасөспірімдер Олимпиадасында веложарыстан Глеб Брусенский мен Евгений Федоров жеңімпаз атанып, Қазақстан үшін тарихи медаль жеңіп алды. Жас спортшылардың жеңісін Ұлттық Олимпиада комитеті ұмыт қалдырған жоқ.

2018 жылғы Ұлттық спорттық Жүлденің «Жыл жаңалығы» аталымында қос спортшы тұғырдан көрінді.

Olympic.kz сайтына сұхбат берген Брусенский бұл жетістікке табан ет, маңдай тер және бапкер сенімі арқылы жеткенін айтады.

«Біз қиын әрі жемісті маусым өткіздік. Алдымен әлем кубогін жеңіп алдық. Кейін ең маңызды дода – жасөспірімдер Олимпиадасында топ жардық. Енді, міне, спорттық жүлдеде бағымыз жанды.

Бұл жеңісіміз тоқтаусыз жаттығудың арқасы. Бапкеріміз бен оның жаттығу бағдарламасына сендік. Мұнда барлық бапкерлер құрамының еңбегі жатыр.

Шыны керек, бізді үміткерлер тізіміне қосады деп ойламадық. Жеңіске жетеміз деп күтпегеніміз де рас. Бұл еңсемізді көтеріп тастады. Алда Азия чемпионаты мен әлем кубогі кезеңдері күтіп тұр. Одан әрі ересектер Олимпиадасына да қатысармыз. Бұл үлкен арман», – деді Брусенский.

Share:

Leave a comment

Войти с помощью: