МАУТИНБАЙКТЕН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ

1.09.2015
Оқу : 546

Кирилл Казанцев маутинбайктен екі дүркін ел чемпионы атанды.

Өткен демалыс күндері Алматыда маутинбайктен Қазақстан Республикасының Ұлттық Чемпионаты өтті. Спортшылар шыжыған күннің астында Кросс-Кантри Элиминатор және Кросс-Кантри Олимпик ережелері бойынша мықтыларды анықтау үшін таласқа түсті.

Сенбі күні аяқталаған спринтерлік қашықтықта барлық іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, финалда жылдамдық танытқан Павлодар облысының өкілі Кирилл Казанцев жеңімпаз атанды.

Мәре сызығын екінші болып Қостанай облысының спортшысы Артем Головащенко кесіп өтсе, үздік үштікті павлодарлық Сергей Ковальчук түйіндеді.

Келесі жарыс күні спортшыларды төзімділікке төтеп беру сынағы күтіп тұрды. Тік еңістерден тұратын жолсыз 7 айналымды бағындыру барлығының бірдей қолынан келмеді. Бұл бәсекеде Кирилл Казанцев тағы топ жарды. Екінші орынға Артем Головащенко ие болды. Үшінші орын бұл күні Шәкір Әділовке бұйырды.

26 шілде, Кросс-Кантри Элиминатор, 1 айналым

1 Казанцев Кирилл  2:02,22

2 Головащенко Артем  2:08,61

3 Ковальчук Сергей  2:12,63

4 Әділов Шәкір  2:15,45

5 Малик Вячеслав  2:14,70

6 Төребеков Нұрғали  2:12,23

7 Әлімжан Әлібек  2:12,44

8 Грабовский Константин  2:24,82

9 Франк Иван  2:28,70

10 Бауырбеков Ернар  2:35,33

11 Әкімов Тимурлан  2:36,82

12 Мерекеев Данияр  2:36,86

13 Жубрин Никита  2:40,10

14 Михайлов Алексей  2:45,51

15 Жуванов Данияр  2:47,71

16 Заманбеков Нарул  2:47,91

17 Тыңғишев Қайрат  2:50,07

18 Жұмағалиев Ерхат  3:08,41

19 Мамутов Шахназар  3:11,42

27 шілде, Кросс-Кантри Олимпик, 7 айналым х 4 шақырым

1 Казанцев Кирилл  1:28:04

2 Головащенко Артем  1:32:34

3 Әділов Шәкір  1:39:18

— 1 айналым

4 Малик Вячеслав  1:31:55

5 Ковальчук Сергей  1:33:07

6 Франк Иван 1:39:36

7 Михайлов Алексей 1:40:06

8 Әкімов Тимурлан  1:44:23

— 2 айналым

9 Заманбеков Нарул  1:28:51

10 Мерекеев Данияр  1:28:56

11 Жұмағалиев Ерхат  1:32:32

12 Грабовский Константин  1:32:35

13 Жубрин Никита  1:47:24

14 Жуванов Данияр  1:47:41

— 3 айналым

15 Төребеков Нұрғали  1:32:55