18 09.2018

«Алматы туры-2018» жарысының бірінші кезеңі аты аңызға айналған велошабандоз Андрей Кивилевтің құрметіне өтеді

Биыл аты аңызға айналған қазақстандық велошабандоз Андрей Кивилевтің қайғылы қазасына 15 жыл. Осыған орай «Алматы туры-2018» халықаралық кәсіби жарысының алғашқы кезеңі спортшының есіміне арналмақ.

«Осылайша бірінші қазақстандық кәсіби жарысының ұйымдастыру комитеті Адрей Михайлович Кивилевтің Қазақстан велоспортына деген қосқан үлесін тағы бір мәрте айқындамақшы.  Кәсіби мансабын сонау 1997 жылы бастаған Кивилев әлем алаңында Қазақстаннан шыққан ең бір жарқын спортшылардың бірі саналады. Сарапшылардың айтуынша, тап Кивилевтің жеңістерінің арқасында Қазақстан халықаралық аренада велоспорт түрінен әлемге таныла бастаған. Кей мағынада ол жастарға жол ашып, олардың келешегін Еуропамен байланыстыруға себепші болған.

«Алматы туры-2018» жарысының бірінші кезеңіне спортшының есімі беріледі. Ал қыркүйетің 29 күні жарыс аяқталғанда Андрей Кивилевтің әйелі Наталья жеңімпаздарды отандасымыздың ең алғашқы кәсіби командасы болған «Фестинаның» майкарымен  марапаттайды. Андрейдің тағы бір жарыс майкасы Астананың велоспорт мұражайына беріледі», – деді Қазақстан велоспрот федерациясының президенті Дархан Қалетаев.

Айта кетейік, Андрей Кивилев 1973 жылы Талдықорған қаласында туған. Ол спортқа кешеуілдетіп келген – 14 жасында, ал небары 19 жасында Қазақстан мен еуропалық командаларда әуесқой деңгеңде өнер көрсетіп оның есімі шыға бастаған. 1994 жылы Қазақстан құрамасы сапында Азия ойындарының топтық жарысын жеңген.

1997 жылы ол өзінің алғашқы кәсіби командасы саналатын «Фестинамен» келісімшарт жасайды. Кейінірек басқа да еуропалық клубтарда шығып жүреді. 2001 жыл оның мансабындағы ең табысты жыл болып есептеледі. Ол Dauphine Libere жарысының Route de Sud кезеңінің жеңімпазы атанады. Сонымен қатар баршаға танымал «Тур де Франс» жарысында абыройлы төртінші орыннан көзге түседі. Артынша Андрей Кивилевті командаларының көшбасшы ретінде көптеген еуропалық клубтар шақырады.

2003 жылы наурыздың 12-і күні бір жыл бұрын оның құрдасы Александр Винокуров жеңген «Париж – Ницца» беделді веложарысының екінші кезеңінен соң Андрей қазалы жағдайда дүниеден өтеді. Мәре сызығына 40 шақырым қалғанда Кивилев поляк Мареко Руткевич пен неміс Фолькер Ордовскимен қақтығысады. Қақтығыста Руткевич пен Ордовски аман-есен шығып, жарыс жолын әрмен қарай жалғастырады. Ал отандасымыз орнынан ұшып, басын асфальтке соғады. Кивилев өзінің соңғы жарысында дулығасыз шыға салған. Ауыр хәлде жақын арадағы ауруханаға жеткізіледі, ал кейін тікұшақпен  Сент-Этьен зерттеу орталығына алып барады. Бірақ, өкінішке орай, дәрігерлер спортшының өліміне араша түсе алмай наурыздың 12 күні таңға жуық көз жұмады.

Осы бір оқиғадан кейін Халықаралық велосипедшілер ұйымы (UCI) дулығаны кюді міндеттейді. Бұған дейін мұндай нәрселер мәселелер тізімінде тұрмаған болатын. Осылайша Кивилев қаншама споршының жанын сақтап қалды десе артық айтпағандығымыз.

Айта кету керек, Кимилев Қазақстаннан бөлек Франция елінде де әсіресе танымал. Дарынды, еңбекқор, ашық шабандоз аз уақыт ішінде француз жанкүйерлерінің жүрегін жаулады. Жыл сайын Францияда Андрей Кивилевтің құрметіне 500-ден аса адам қатысатын әуесқой жарыс ұйымдастырылып тұрады.

Талдықорғанда Андрей Кивилевтің есіміне көшелерінің бірі аталған. Сонымен қатар жастар арасында көптеп жарыстар өткізіледі.

«Алматы туры-2018» жарысының бірінші кезеңі қыркүйектің 29 күні өтеді. Ол «Астана» алаңындан басталып сонда аяқталатын бірнеше қалалық айналымнан тұрады. Жарыс ұзындығы 183,4 шақырымды құрайды. Айта кетейік, «Алматы турының» соңғы төрт маусымының жеңімпазы Astana Pro Team  командасының шабандозы Алексей Луценко.

Share:

Leave a comment

Войти с помощью: