СҰЛТАНМҰРАТ МИРАЛИЕВ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ

14.11.2016
Оқу : 562

Қазақстандық велошабандоздар Апелдорн (Нидерланд) қаласныда өткен Әлем Кубогының екінші кезеңіне қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша Сұлтанмұрат Миралиев қола медаль жеңіп алды.

«Әлем Кубогының алғашқы кезеңінде біз қатысқан жарыстың барлығында жақсы нәтиже көрсеттік. Үздік ондыққа еніп, Әлем Чемпионатына қатысуға көмектесетін ұпайларды жинадық», – дейді велоспорттың трек түрі бойынша Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Владимир Бушанский.

20161112_212343

Апелдорн қаласында өткен Әлем Кубогыны екінші кезеңінде топтық жарыс бойы көш бастап келген Сұлтанмұрат Миралиев соңғы мәреде Франция спортшысы Кнейски Морганнан қалып қойды. Жаңа ережеге сәйкес, екі еселенген ұпай мен чемпионлық атақтан айырылды.

Велоспорттың трек түрінен Қазақстан Ұлттық құрамасының жаттықтырушысы әрі кеңесшісі Эрве Дагорне Миралиев жеңіп алған ұпайлар Әлем Чемпионатына қатысу үшін аса маңызды екенін атап өтті: «Сұлтан өте мықты спортшы және оның барлық қарсыластарынан озып кету мүмкіндігі болды. Соңғы спринт алдында бірінші тұрды. Алайда, бірнеше рет аздаған қателіктер жіберді. Бұл аса маңызды жарысқа қатысу кезіндегі психологиялық қысымға байланысты болуы ықтимал.

Сонымен қатар, кеше Олимпиада ойындарына қатысушы Артем Захаров та жарыс жолына шықты. Әлем Кубогының бірінші және екінші кезеңдерінің алдында ол Қытайдың Хайнань қаласында болды. Сол себепті тректе көп жаттығу жүргізген жоқ. Бұл Артемға бір күнде жарыстың төрт түрін біріктіретін омниум сайысының жаңа ережесінде жақсы нәтиже көрсетуіне кедергі келтірген жоқ. Тактикалық жағынан қиын болды, алайда жалпы классификацияда жетінші орынға ие болдық. Менің ойымша, бұл – жақсы нәтиже. Өйткені, спортшылардың кестесі бұл күндері оңай болмады.

Қазақстан үшін бізге жақсы көрсеткішке жиі жету керек. Өйткені, команда еуропалықтар сияқты жарысқа жиі қатыспайды».

20161112_211937

Қазақстан велосипед спорты федерациясының вице-президенті Аманбек Кульчиковтің айтуынша, екі жыл бұрын Эрве Дагорнені команда мен құрамаға шақырту шешімі қабылданған кезде ең алдымен Артем Захаровты Олимпиада ойындарына дайындау тапсырмасы жүктелді.

«Бұл міндет сәтті атқарылды. Енді Артемнің жанынан «тең» команда жинау маңызды. Әлем Кубогының нәтижелері біздің дұрыс бағытта екенімізді айқындады және біздің екіжылдық серіктестіктің оң нәтижесі қазірден бастап көріне бастады», — деп атап өтті А. Кульчиков.

Санат: КФВС