ЗАБИРОВА ЗУЛЬФИЯ ХАСАНҚЫЗЫ

manager-3

Зульфия Хасанқызы Забирова 1973 жылы 19 желтоқсанда дүниеге келген. Әлемнің үздік велошабандозы Өзбекстан астанасы Ташкентте өмірге келіп,  Ресейде спортшы болып қалыптасқан. Ал, өзінің спорттық және кәсіби қызметін Қазақстанмен байланыстырды.

2004 жылға дейін Ресей атынан жарысқа қатысты. 2005 жылдан бастап Қазақстан намысын қорғады. Жасөспірімдер арасында КСРО біріншілігінің жеңімпазы.

1996, 2000, 2004, 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. 1996 жылғы Атланта Олимпиадасында уақыт бойынша жекелей сайыстың чемпионы.  Велоспорттың шоссе түрінен еңбек сіңірген спорт шебері.  Жекелей сайыстар Әлем Чемпионтының ( 1997 ж., 28 шақырым, Сан-Себастьян) күміс жүлдегері.

2003 және 2004 жылдары жекелей сайыстан Әлем Чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. 2003 және 2004 жылдары «Примавера Роза» халықаралық турнирінің екі дүркін жеңімпазы.  2004 жылы Вандерен халықаралық турнирінде топ жарса, Верона халықаралық турнирінде қола жүлдені қанағат тұтты. Пролог қаласында өткен (Сан-Марино) турнирдің жеңімпазы. 2007 жылы «Бельгия туры» біркүндік сайысының күміс жүлдегері.

Әйелдер велоспорты тарихында тұңғыш рет «Фландрия турында» жеңіске жетті. «Швейцария туры» көпкүндігінің чемпионы (2002) және жекелей сайыстан Әлем Чемпионы (2002).

Зульфия Хасанқызы 2011-2012 жылдары «Русвело»  кәсіби командасының алғашқы әйел спорт директоры атанды.  Осы уақытқа дейін Кеңес тарихы мен Ресей тарихында әйелдер арасында мұндай биік қызметті ешкім басқармаған.

1980 жылғы Олимпиада чемпионы, атақты велоспортшы Сергей Сухорученковтің қызы, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері  Ольга Забелинскаяны дүбірлі додаға дайындады.

2014 жылдан бастап «Astana – «Astana Womens Team» қазақстандық кәсіпқой әйелдер командасының спорт директоры қызметін атқарып келеді.

Тұрмыс құрған, Анжелина есімді қызын тәрбиелеп отыр (2009 ж.т)