— Владимир Александрович, қазіргі Қазақстандағы велоспорттың жағдайын қалай бағалайсыз?
— Мен бұл жағдайды бұрыннан бақылап жүрмін. Қазір Федерация Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, соңғы 5–7 жылда жинақталған кемшіліктерді жоюға бағытталған ауқымды реформаларды қолға алды. Ең алдымен, бұл ішкі күнтізбені реттеуге қатысты. Онсыз спортшыларды жүйелі түрде дайындау мүмкін емес.
— Бұл нәтижелерге қалай әсер етеді?
— Біз халықаралық жарыстарға дайын емес спортшылардың баратынын көріп отырмыз. Физикалық тұрғыдан жарысқа шыдай алмайды. Жас бапкерлерде мықты мектеп болмағандықтан, олар еуропалық әдістемелерге жүгінеді: ватт бойынша жаттығу, кәсіби спортшылардың жоспары. Бірақ бізде басқа жағдай — бізде спортшыларды жетелеп отыру керек. Олар өздігінен жұмыс істемейді, Еуропадағыдай отбасынан басталмайды бәрі.
— Дайындық жағдайлары туралы не айта аласыз?
— Жаттығу жиындары өте жақсы – Түркияда, тамақ, жайлылық бар. Бірақ егер спортшы күніне бір рет жаттығып, қалған уақытта демалса – нәтиже болмайды. Бұрынғыдай жаттығу жұмысын қайтару керек: күніне үш жаттығу. Тек осылай ғана мінез бен күш қалыптасады.
— Astana командасы мен легионерлер туралы көзқарасыңыз қандай?
— Ашық айту керек: легионерлердің пайдасы таусылды. Біз бюджеттен ақша жұмсаймыз, ал ұпайлар басқа елдердің рейтингіне кетеді. Бұл қаражатты өңірлерге, клубтарға, жергілікті спортшыларға бағыттайтын кез келді. Astana — бұл Қазақстандық команда болуы керек: жастармен, Олимпиадаға бағытталған дайындықпен.
— Қандай бағыттарға ерекше көңіл бөлу керек деп есептейсіз?
— Трек пен әйелдер командалары. Бұл бағыттарда нақты перспектива бар. Мұнда барынша қолдау қажет. Қазір Федерация министрлікпен бірлесіп дұрыс қадамдар жасауда. Бұл жұмысты жалғастырып, қолдау керек — Азия және Олимпиада ойындарына дейін көп уақыт қалған жоқ.
— Пікіріңізге рақмет.
— Рақмет.
КФВС-тің бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
КФВС серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры