КҮМІС ЖЕҢІС – ЖҮРЕКТІ ЖАРҒАН ЖАРЫС!
🚴♂️ Рамис Динмухаметов пен Илья Карабутов — мэдисон жарысының КҮМІС жүлдегерлері!
Гонконгте өтіп жатқан әлемдік деңгейдегі Hong Kong International Track Cup турнирінде Қазақстан тағы бір мәрте өзінің мықты велошабандоздары бар ел екенін дәлелдеді!
Мэдисон секілді күрделі және жоғары тактикалық шеберлікті талап ететін жарыста
Рамис Динмухаметов пен Илья Карабутов тамаша өнер көрсетіп, 2-орынды иеленді!
Олардың әрбір шабуылы, әрбір ауысуы мінсіз үйлесіп, трибунадағыларды тәнті етті. Бұл – тек жеңіс емес, бұл – нағыз кәсіби деңгей, командалық рух пен ел намысы үшін күрес!
Жарайсыңдар, жігіттер! Қазақстан сендермен мақтанады!🇰🇿🔥💪🏻

КФВС-тің бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
КФВС серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры