Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Райымбек Баталов 2025–2029 жылдар аралығында Азия велоспорт конфедерациясының (ACC) басқарма құрамының кооптацияланған мүшесі болып ресми түрде тағайындалды.
Бұл шешім 2025 жылғы 19 сәуірде Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өткен комитет отырысында қабылданды.
Аталмыш тағайындау – Райымбек Баталовтың велоспорт саласындағы мол тәжірибесін, аймақтық даму мен халықаралық байланыстарға қосқан үлесін мойындаудың айғағы.
Қазақстанның велоспорттағы халықаралық беделі артып келеді. Бұл — сол жолдағы маңызды қадамдардың бірі.
Қазақстан велоспортына қызмет етіп келе жатқан әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз және жаңа қызметінде сәттілік тілейміз!

КФВС-тің бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
КФВС серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры