2025 жылғы 23–27 сәуір аралығында Қытайда маунтинбайк спортынан Азия чемпионаты өтті. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы түрлі дисциплиналар бойынша қатысты.
Командалық эстафета жарысында Қазақстан командасы күміс жүлдені жеңіп алды. Біздің команда Қытайдан қалып қойып, Жапонияны артта қалдырды. Бұл жетістікке шосседегі ұлттық құрамадан шақырылған Виолетта Казакованың үлесі зор болды — оның қолдауы команда үшін маңызды рөл атқарды.
Алайда олимпиадалық дисциплиналарда, атап айтқанда кросс-кантри (XCO) жарыстарында, құрамамыз күткен нәтижелерге қол жеткізе алмады. Элиталық санаттағы ерлер мен әйелдер, андер-23 және жасөспірімдер арасындағы жарыстарда қазақстандық спортшылар алтын медальсіз қалды. Ерлер арасындағы кросс-кантриде Денис Сергеенконың күміс жүлдесі ғана жұбаныш болды, дегенмен бұл нәтиже қойылған мақсаттарға толық сәйкес келмейді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына іріктеле алмады, сондай-ақ Азия ойындарында да медальсіз қалған болатын. Бұл нәтижелер еліміздегі маунтинбайк спортын дамыту және спортшыларды дайындау стратегиясын қайта қарау қажеттігін көрсетеді.
Осыған байланысты Қазақстан велоспорт федерациясы маунтинбайк құрамасының бапкерлер штабының қатысуымен жақын арада арнайы жиын өткізуді жоспарлап отыр. Жиында Азия чемпионатындағы көрсеткіштерге талдау жасалып, жоспарлар мен міндеттердің орындалуы бағаланады, сондай-ақ алдағы халықаралық жарыстарға дайындықты жақсарту бойынша нақты қадамдар айқындалады.
Байланыс ақпараты:
Қазақстан велоспорт федерациясы

КФВС-тің бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
КФВС серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры