23–27 сәуір аралығында Қытайда маунтинбайк бойынша Азия чемпионаты 2025 өтуде. Қазақстан ұлттық құрамасы бұл беделді додада 14 спортшымен өнер көрсетуде. Жарыстар континент деңгейіндегі ең маңызды старттардың бірі болып саналады.
Жарыс бағдарламасы:
🚴♂️ 23 сәуір — командалық эстафета XCR (құрамы ресми жаттығудан кейін 22 сәуірде анықталады)
🚵♀️ 25–26 сәуір — жеке жарыстар XCO (Cross-country Olympic) – барлық спортшылар қатысады
⚡ 27 сәуір — XCE (Cross-country Eliminator) — спринтерлік жарыс
Қазақстан құрамасы:
• Денис Сергиенко
• Егор Карасёв
• Ильяс Рахимов
• Никита Галкин
• Алексей Фефелов
• Алдер Ергешов
• Богдан Лухманов
• Алина Карасёва
• Татьяна Генелева
• Юлия Ли
• София Мамеева
• Татьяна Чакилёва
• Константин Казаков
• Виолетта Казакова
Жаттықтырушылар мен команда басшылары:
Юниорлар құрамасы (Астана ОРОС):
• Аға жаттықтырушы: Артём Головащенко
• Механик: Александр Стрелецкий
Ұлттық құрама (ҚР ҰОС):
• Бас жаттықтырушы: Александр Дымовских
• Механик: Тимур Шакратов
Чемпионат Азия деңгейінде тәжірибе жинап, үздік шабандоздармен сынға түсуге үлкен мүмкіндік береді.
Құрамамызға сәттілік тілейміз! Жарқын жеңістер мен жоғары нәтиже болсын!
Қазақ спорты алға!

КФВС-тің бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
КФВС серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры