Қазақстан ұлттық құрамасы SILK WAY NAMANGAN жарысында жеңіске жетті!
🇰🇿Наманган, Өзбекстан — 2025 жылғы 7 мамырда Қазақстанның велоспорттан ұлттық құрамасы SILK WAY NAMANGAN халықаралық трек жарысында бірнеше санат бойынша алтын медаль иеленіп, керемет нәтижелер көрсетті.
🥇Топтық жарысында Әлішер Жұмақан жарысты сенімді түрде жеңіп шықты.
🥈Сонымен қатар Скибин Владислав күміс жүлдесін жеңіп алды.
Топтық спринт жарысында Курдиди Кирилл,Шаяхметов Данияр, Мухтар Рамазан үштігі үздік нәтижемен алтын медаль жеңіп алды.🥇
Сондай-ақ қола жүлдесін Дмитрий Резанов, Андрей Чугай және Виктор Голов жеңіп алды.
Командалық жарысында Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков, Максим Хорошавин және Илья Карабутов қарсыластарынан басым түсіп, үздік уақытпен жарысты бірінші болып аяқтады.
Бұл жеңістер Қазақстанның велоспорттағы қарқынды дамуын дәлелдеп, спортшылар мен бапкерлердің еңбегінің жемісі екенін көрсетті.

КФВС-тің бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
КФВС серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры