Жамбыл облысында кросс-кантри (XCO) дисциплинасы бойынша маунтинбайктан Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің түрлі өңірлерінен және спорт мектептерінен келген ең мықты велошабандоздар қатысты.
🏆 Нәтижелер:
Ерлер арасында (элита):
🥇 Сергиенко Денис (Жетісу облысы)
🥈 Карасёв Егор (Алматы облысы)
🥉 Расул Руслан (Алматы қаласы)
Юниор ұлдар арасында:
🥇 Ергешов Альдер (Шымкент)
🥈 Лухманов Богдан (Алматы қаласы)
🥉 Назарюк Вадим (Павлодар облысы)
Әйелдер арасында (элита):
🥇 Карасёва Алина (Алматы облысы)
🥈 Генелва Татьяна (Павлодар облысы)
🥉 Титова Таисия (Жетісу облысы)
Юниор қыздар арасында:
🥇 Ли Юлия (Жамбыл облысы)
🥈 Бундина Софья (Шымкент)
🥉 Мамаева София (Қостанай облысы)
Чемпионат өте тартысты және қарқынды жағдайда өтіп, спортшылардың жоғары деңгейдегі дайындығын және Қазақстанда маунтинбайк спортына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетті.
КФВС-тің бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
КФВС серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры