Silk Way Series Astana 2025 трек веложарысының алғашқы күні қазақстандық спортшылар үшін табысты болды. Ерлер мен әйелдер құрамалары топтық жарыс (шығарылу), кейрин және скретч дисциплиналарында жүлделі орындар иеленді.
Ерлер арасындағы топтық жарыс (шығарылу):
1. Руслан Елюбаев – Алтын
2. Рамис Динмухаметов – Күміс
3. Вадим Белугин – Қола
Ерлер арасындағы кейрин:
• Кирилл Курдиди – Күміс
• Андрей Чугай – Қола
Ерлер арасындағы скретч жарысы:
1. Сергей Кармажаков – Алтын
2. Дмитрий Носков – Күміс
3. Илья Карабутов – Қола
Әйелдер арасындағы кейринде Милана Котельникова қола жүлдеге ие болды.
Бұл нәтижелер Қазақстан ұлттық құрамасының жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетіп, жарыстың алғашқы күнінде-ақ еліміздің намысын абыроймен қорғап жатқанын дәлелдеді.
КФВС-тің бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
КФВС серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры