🏁 Джиро д’Италия 2025

1 маусым күні Рим қаласында мәресіне жеткен 108-ші Джиро д’Италия көпкүндік веложарысы аяқталды. Жарыстың жалпы жүлде қоры €1 636 460 құрап, түрлі номинациялар мен жетістіктер бойынша қатысушылар арасында бөлінді.

Негізгі жүлделер:

•⁠ ⁠Жалпы классификация (Maglia Rosa):

  • 1-орын: €115 668
  • 2-орын: €58 412
  • 3-орын: €28 801
  • 4-тен 20-орынға дейін: €14 516 – €2 863 аралығы

•⁠ ⁠Кезең жеңістері:

  • 1-орын: €11 010
  • 2-орын: €5 508
  • 3-орын: €2 753
  • 10-нан 20-орынға дейін: әрқайсысы €276

•⁠ ⁠Күн сайынғы жалпы классификация көшбасшысына бонус: €2 000

•⁠ ⁠Майка бойынша номинациялар:

  • Ұпайлық майка (Maglia Ciclamino): жеңімпаз — €10 000 + күн сайынғы сыйақылар
  • Тау жолындағы үздік (Maglia Azzurra): жеңімпаз — €5 000 + күн сайынғы сыйақылар
  • Ең үздік жас шабандоз (Maglia Bianca): жеңімпаз — €10 000 + күн сайынғы сыйақылар

•⁠ ⁠Қосымша жүлделер: аралық спринттер, шабуыл стилі, жеке және командалық үзілістер үшін беріледі.

Осылайша, Джиро д’Италия 2025 жеңімпазы кезеңдік сыйақыларды, майкалар мен бонустарды есепке алғанда €250 000-нан астам табыс таба алады.

Қазақстандық велошабандоздың қатысуы:
Бұл жарысқа XDS Astana командасынан қазақстандық велошабандоз Антон Кузьмин қатысты. Ол 21 кезеңнің барлығын сәтті аяқтап, жалпы классификацияда 147-орынға ие болды.

Антонды әлемдегі ең беделді веложарыстардың бірінде өнер көрсетуімен құттықтаймыз!

КФВС-тің бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

КФВС серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

facebook
instagram
youtube