🚴‍♂️Рамис Дінмұхаметов Гонконгтағы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Рамис Дінмұхаметов Гонконгтағы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды хабарлайды Қазақстан Республикасының спортты дамыту дирекциясы. 

🇭🇰Гонконг қаласында (ҚХР) велотректен Hong Kong International Track Cup халықаралық турнирі өтуде.

68 елден 304 велошабандоз жиналған әлемдік додада Ұлттық құрама спортшысы Рамис Дінмұхаметов омниум бағдарламасында мәреге бірінші болып келіп, алтыннан алқа тақты. 

Омниум (ерлер):

🥇 Рамис Дінмухаметов (Қазақстан) — 136 ұпай

🥈 Конор Лихи (Австралия) — 127 ұпай

🥉 Моу Чинг Ин (Гонконг ) — 106 ұпай

Сондай-ақ командалық спринтте Қазақстан ерлер құрамасы (Данияр Шаяхметов, Кирилл Курдиди, Рамазан Мұхтар) күміске ие болды. Ал кейрин бағдарламасында бақ сынаған отандастарымыз Андрей Чугай 9-шы, Данияр Шаяхметов 12-ші, Кирилл Курдиди 17-ші орыннан көрінді.

КФВС-тің бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

КФВС серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

facebook
instagram
youtube