«Жүйелі жұмыстар өз жалғасынтабатын болады» – Велоспорт Федерациясы 2024 жылды қорытындылады

Велоспорт ең қолжетімді спорт түрі. Оған жыл сайын әлемнен мыңдаған адам қызығушылық танытады. Қазақстандық велокомандасы әлемдік аренада бір емес, бірнеше рет ел абыройын асқақтатты. Дегенмен, жыл жеңістермен бірге біраз олқылықтардың бетін ашты.

2024 жылдың қорытындысын шығара отырып, Қазақстан велоспорт федерациясы алдағы жылы проблемалар мен кемшіліктерді жоюға күш салатынын жеткізді.  Ал өңірлермен және басқа да құрылымдармен бірлескен жұмыс қайта жанданады.

«Өткен жыл айшықты оқиғаларға толы болды. Есепті кезеңде Олимпиада нәтижелеріне, әрине, көңіліміз толмайды. Бұл «Astana Qazaqstan Team» велокомандасымен, легионерлермен көп жылғы жұмысымен және қазақстандық велоспорт мамандарымен қарым-қатынастың жоқтығымен байланысты», – деп атап өтті Федерация.

Еске сала кетейік, ұйым өзінің жаңа құрамымен жұмысын 2023 жылдың соңында бастаған. Бұл ретте Қазақстан велоспортын дамытудың 2023–2028 жылдарға арналған бағдарламасы таныстырылды. Бағдарламаның мәні – балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, ауыл балаларын спорт секцияларына тарту, қазақстандық шабандоздардың жеке дарындарын шыңдау.

Сенімді команда дайындау және спортшылардың кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде ұстау жауапкершілігін сезіне отырып, Қазақстан велоспорт федерациясының мүшелері, аға жаттықтырушылар, облыстық федерациялар мен спорт ардагерлері басшылық ауысқаннан кейінгі бір жылда болған оң өзгерістерді атап өтті.

Осы сәттен бастап жұмыс спорттық іс-шаралардың жаңартылған күнтізбесіне негізделген. Ол халықаралық және аймақтық оқиғаларды ескере отырып қайта қаралды және оңтайландырылды. Федерация Туризм және спорт Министрлігімен бірлесе отырып, өткен жылы республикалық күнтізбеге бірде-бір өзгеріссіз немесе толықтырусыз, сондай-ақ қауіпсіздік және жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері бойынша 33 ірі іс-шараны мінсіз өткізді. Атап айтар болсақ, тас жолда -13 тректе-13 МТВ-5, сондай-ақ BMX-те және циклокроссте өткізілді.

Ұлттық құрамалардың спорттық дайындығы мен өңірлердегі жарыс қызметін кешенді бағалаудың тәсілдері өзгертілді. Тренерлердің біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау жөніндегі республикалық курстар (барлығы 42 адам) ұйымдастырылып, өткізілді.

Биылғы жылы Федерацияның жолдамасымен бес жаттықтырушы Халықаралық велоспорт одағының – UCI-дің Корея, Үндістан және Бахрейн елдеріндегі халықаралық білім беру орталықтарында қайта даярлау курстарынан өтіп, спорттық іс-шаралардың сапасын арттыруға, спортшыларды даярлауға ықпал етті.

Судьяларға қойылатын біліктілік талаптарын ескере отырып, оларды аттестаттау жүргізілді (барлығы 57 адам).

Тұңғыш рет өткізілген түрлі ауқымдағы жарыстар еліміздің барлық велоқоғамдастығы мен спорт қауымы үшін ынталандырушы және шабыттандыратын оқиғалар болды.

Федерация өңірлік жаттықтырушылармен және төрешілермен бірге Алматыда алғаш рет велоспорттан Азия чемпионатын өткізді. Оған 29 елдің спортшылары қатысты. Аталмыш чемпионаттың жоғары деңгейде өткенін Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) президенті Давид Лаппартьент пен Азия велоспиед конфедерациясының (АСС) президенті Осама Әл Шафар ҚР Туризм және спорт министрі Е. Мырзабосынов пен Федерацияға жолдаған хатында атап өтті.

Осылайша, біз жақсы халықаралық тәжірибе жинақтадық, бұл біздің күшті және әлсіз жақтарымызды бағалауға мүмкіндік берді. Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Азия чемпионатының төрешілер корпусындағы 29 қазақстандық велоспорт төрешісі аттестациядан өтіп, оларға UCI NC (ROAD) – Халықаралық ұлттық төреші сертификаттары берілді.

ҚР Туризм және спорт министрлігі, Қызылорда облысы әкімдігінің және «Байқоңыр» ғарыш айлағының қолдауымен қала жолдарында алғаш рет ауқымды спорттық шара өтті. Дәлірек айтсақ, жасөспірімдер мен жасөспірімдер арасында көпкүндік тас жол жарысы форматындағы Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылды. Мұнда Байқоңыр тұрғындарына арналған масс-старттар, «Masters» аталымы бойынша ардагерлер мен әуесқойлар арасында республикалық байқаулар да өтті.

Семей қаласында және Абай облысының жолдарында соңғы уақытта бұрын соңды болмаған Қазақстан чемпионатының өтуі облыстың спорт қауымы мен тұрғындары үшін бірегей оқиға болды. Онда қазақстандық велоспорт тарихында алғаш рет әйелдер арасында көпкүндік жарыста шосседегі велоспорттан ел чемпионаты өтті. Мұндай ауқымды шара соңғы елу жылда болмағанын атап өткен жөн.

Бүгінгі таңда өңірлер велоспортқа жағдай жасау, сондай-ақ жарыстарды сапалы дайындау мен өткізу жағынан Федерацияның қолдауын шынымен де сезініп отырғанын байқаймыз.

2024 жылы Федерация Ақмола облысының спортшыларына велоспипед сатып алуына, Қарағанды облысына велосипед және автокөлік, «Астана» Олимпиадаға даярлау орталығына велоспортқа жасақталған арнайы микроавтобус, жасөспірімдер велоспорты дамып келе жатқан 14 өңірге тасжолға арналған велосипедтер табысталды.

Бұл тәжірибе жалғасын табады және қазақстандық велоспорт мектебі бізді жаңа табыстармен және жоғары жетістіктермен қуантатыны сөзсіз.

Федерация республикалық велоспорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді және бұқаралық спорттық іс-шаралар күнтізбесін, төрелік етуді және велоспортшылардың жетістіктерін терең талдау негізінде үдерістерді цифрландыру және велоспорт бойынша бірыңғай цифрлық қазақстандық платформаны құру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

«Адалдық – спорттың негізгі құндылығы. Мұны  қазақстандық велоспорттағы барлық деңгейдегі спортшылар жақсы түсінеді. Жаңа жылда осы бағытта жұмысты жандандыратын боламыз», – деп қорытындылады Қазақстан велоспорт Федерациясы.

facebook
instagram
youtube