Таиланд 28–30 тамыз күндері өтіп жатқан Азия кубогының екінші күнінде Қазақстан құрамасы тағы да жарқын жеңістерге қол жеткізді! 🇰🇿✨

Командалық спринт ерлер арасында:
🥈 Ерлер құрамасы – Мұхтар Рамазан, Курдиди Кирилл, Шаяхметов Данияр күміс жүлдегер атанды.
🥇 Юниор қыздар құрамасы – Смаилканова Айгерім, Копжасарова Динара, Кабдулова Аружан алтыннан алқа тақты!

Жекелей жарыстарда да спортшыларымыз айқын басымдық танытты:
🚴‍♂️ Гит 1000 м
🥇 Курдиди Кирилл – ерлер арасында чемпион!
🥇 Базарбеков Диас – юниорлар арасында алтын иегері!
🥇 Смаилканова Айгерім –юниор қыздар арасында топ жарды!

🚴‍♀️ Жекелей жарыс, (преследование)
🥉 Кабдулова Аружан – қола жүлдегер!
Ал ерлер арасындағы осы сайыста
🥉Носков Дмитрий -қола жүлдегер!

🚴‍♀️ Топтық жарыс (гонка по очкам), юниор қыздар арасында
🥈 Кабдулова Аружан – күміс жүлде иегері!
🥉 Копжасарова Динара – қола жүлдегер!

Бұл нәтижелер – Қазақстан велоспортының қуатты қарқынын, жас дарындардың асқан шеберлігін және командалық бірліктің биік деңгейін дәлелдейді. 🌟🇰🇿

Ұлттық құрама спортшыларын шын жүректен құттықтаймыз! Жарыстың шешуші сәттері әлі алда – жеңістеріміз жалғаса берсін! 💪🚴‍♂️✨

КФВС Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

КФВС серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

facebook
instagram
youtube