Шымкент қаласының әкімі Азия чемпионатының жеңімпаздарын марапаттады

Шымкент қаласының әкімі Азия чемпионатының жеңімпаздарын марапаттады

🔷 Шымкент қаласының әкімі халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген жас спортшылармен кездесті. Салтанатты жиында Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне алғыс айтылып, естелік сыйлықтар табысталды.

🔷 Сауд Арабиясының Даммам қаласында өткен VI Азия чемпионатында жетісайыстан алтын медаль иеленген Полина Кузубова мен 2000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден ұлттық рекорд орнатқан Ақбілек Құралбайдың жетістіктері ерекше атап өтілді.

🔷 Маунтинбайктан Қазақстан чемпионатында командалық эстафетада топ жарған велошабандоздар, Қытайдың Цзуньи қаласында өткен Азия чемпионатында күміс жүлде алған Виолетта Казакова мен Алексей Фефелев, сондай-ақ Таиландтағы шосселік велоспорттан күміс медаль иеленген Альмир Валиевтің нәтижелері де жоғары бағаланды.

🔷 Кездесу аясында Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Райымбек Баталовпен және жеңіл атлетика федерациясының вице-президенті, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковамен спортты дамыту жайы талқыланды.

🔷 Сонымен қатар, 2026 жылы Шымкентте әлемге әйгілі “Gran Fondo” шосселік веложарысын өткізу мүмкіндігі қарастырылды. Бұл бастама қаланың халықаралық спорт аренасындағы абыройын одан әрі көтере түспек.

КФВС-тің бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

КФВС серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

facebook
instagram
youtube