Қазақстандық велошабандоз TOUR OF BOSTANLIQ 2025 көпкүндік веложарысында үздік нәтижеге қол жеткізді.

TOUR OF BOSTANLIQ 2025 – халықаралық деңгейдегі беделді көпкүндік веложарыс, биыл Өзбекстанның Бостанлық ауданында ұйымдастырылды. Жарыс үш кезеңнен тұрды және әр кезеңде жоғары бәсеке байқалды.

1-кезең – жекелей жарыс (индивидуальная гонка), 20 км:
Ақпеил Өсім бұл кезеңде үздік нәтиже көрсетіп, 1-орынды иеленді.
2-орынды тағы бір қазақстандық велошабандоз – Фаина Потапова иеленді.

2-кезең – топтық жарыс (групповая гонка), 116 км:
Ақпеил Өсім осы кезеңде де жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 3-орынға ие болды.

3-кезеңнің нәтижесі бойынша Ақпеил мәре сызығын екінші болып кесіп, жарыстың жалпы есебінде (генералдық классификация) де 2-орынға тұрақтады.

Қазақстандық спортшының көрсеткен бұл нәтижесі еліміздің велоспорттағы жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қазақстан велоспорт федерациясы Ақпеилді шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейді!

КФВС-тің бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

КФВС серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

facebook
instagram
youtube