2025 жылғы 17 сәуірде Өскемен қаласында «Қазақстан велоспорт федерациясы» РҚБ өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Кеңеске Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Байжігітұлы Мажанов төрағалық етті.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, перспективалық жоспарлау және өңірде велоспортты дамыту мәселелері талқыланды. Ерекше назар 2025 жылғы 22–29 маусым аралығында Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында өтетін ірі республикалық және халықаралық жарыстарға дайындыққа аударылды.
Бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес, аталған мерзімде келесі спорттық іс-шаралар өтеді:
• Жол велоспорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық чемпионаты (элита, андерлер, ерлер мен әйелдер);
• Паралимпиадашылар арасында VII жазғы спартакиада;
• Жасөспірімдер мен қыздар арасындағы VI жазғы жастар ойындары.
Федерацияның бас хатшысы Жетес Сүлейменов өңірдің велоспорт үшін маңызын атап өтіп, велоинфрақұрылымды дамытуға қолдау көрсеткен облыс басшылығына алғыс білдірді. Табиғи тау ландшафттары мен қолайлы жол желісі бар ШҚО – жарыстарды ұйымдастыруға өте қолайлы аймақ.
Ұйымдастырушылар алдағы жарыстар веломаусымның жарқын оқиғасына айналып, өңірдегі спорт, туризм және экомәдениетті дамытуға серпін беретініне сенімді.

2025 жылғы 17–18 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында велоспорт бойынша алдағы жарыстардың бағыттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілді.
КФВС-тің бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
КФВС серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры