Бүгін Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан Республикасының трек велоспорты бойынша Ұлттық чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жарысқа еліміздің 15 өңірінен 200-ден астам спортшы қатысуда. Чемпионатта түрлі тректік велоспорт сайыстарында медаль мен ұлттық чемпион атағы үшін үздік спортшылар бақ сынайды.

Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің өкілдері, Қазақстан велоспорт федерациясының басшылығы, ресми қонақтар, жаттықтырушылар мен жанкүйерлер қатысты.

Жарыс өз жалғасын табуда және 22 тамызға дейін өтеді.

КФВС Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

КФВС серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

facebook
instagram
youtube