Азия велоспорт конфедерациясы (ACC) 2026 жылғы тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатының өтетін мерзімін ресми түрде бекітті. Жарыс 2026 жылдың 5–12 ақпан күндері Сауд Арабия Корольдігінде өтеді.
Материктің ең үздік спортшылары чемпиондық атақ пен ірі халықаралық жарыстарға лицензия үшін бақ сынайды. Бағдарламаға ерлер мен әйелдер арасындағы жеке және топтық жарыстар, сондай-ақ юниорлар санатындағы бәсекелер енгізілген.
Қазақстан Республикасының велоспорт федерациясы ұлттық құраманы алдағы чемпионатта жоғары деңгейде өнер көрсетуге дайындауда.
Тас жолдағы Азия чемпионаты – беделді турнир ғана емес, сонымен қатар қазақстандық велоспортты халықаралық аренада дамыту жолындағы маңызды кезең.
КФВС Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
КФВС серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры



