Қазақстан велосипед спорты федерациясы хабарлайды: Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) ынтымақтастық бағдарламасы.

Азия велосипед спорты конфедерациясымен (ACC) және бірқатар ұлттық федерациялармен бірлесіп, 2025 жылы элиталық деңгейдегі ұлттық комиссарлар (ENC) үшін курстар ұйымдастырылады.

Оқыту ағылшын тілінде келесі пәндер бойынша өтеді:
• 🚴‍♂️ Жол жарыстары — 2025 жылғы 10–14 қараша, Малайзия
• 🚵‍♀️ Маунтинбайк — 2025 жылғы 24–28 қараша, Өзбекстан
• 🚲 BMX-рейсинг — 2026 жылғы 17–21 қаңтар, Қытай

Кандидаттарды іріктеу критерийлері:
• ұлттық комиссар біліктілігінің және қолданыстағы UCI лицензиясының болуы;
• UCI регламентін жоғары деңгейде білу;
• 2020 жылдан бері ұлттық комиссар ретінде белсенді қызмет атқаруы;
• ағылшын тілін меңгеруі;
• ұлттық федерацияның ресми ұсынуы.

📌 Өтінім қабылдау мерзімі — 2025 жылғы 20 қыркүйекке дейін.
Федерациялар әр пән бойынша бір кандидаттан ұсына алады, ал әйел үміткер болған жағдайда — басымдықты көрсете отырып, екі кандидатқа дейін жіберу мүмкіндігі бар.

Қатысушылардың соңғы тізімі 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін жарияланады. Тікелей оқуға дейін кандидаттар ұлттық комиссарларға арналған онлайн-курстан өтеді.

Қатысу шарттары:
• тіркеу жарнасы жоқ;
• тұру және тамақтану ұйымдастырушылар есебінен қамтамасыз етіледі;
• жол шығындары ішінара өтеледі: 3 және 4 топ федерацияларының өкілдеріне 300 еуро көлемінде компенсация беріледі, қалғандары жол шығынын өздері көтереді.

➡️ Бұл курстар — ұлттық комиссарлар үшін біліктілікті арттырып, UCI мен ACC аясында элиталық деңгей мәртебесін алуға таптырмас мүмкіндік.

Құрметпен,
Питер Ван ден Абеле — UCI спорт директоры
Дато Амарджит Сингх Гилл — ACC президенті

Біз зор мақтанышпен біздің жобамыздың бас демеушілері — SportQory және Samruk-Kazyna.
Қазақстан спортын қолдап, велоспорттың дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!

facebook
instagram
youtube