Бос лауазымдар

«Қазақстанның  велосипед  спорты   федерациясы» республикалық қоғамдық  бірлестігі (бұдан  әрі  – Федерация)  велосипед  спортының  барлық  түрлері  мен бағыттарын (тасжолдағы велоспорт, тректегі велоспорт,  маунтинбайк, ВМХ, велокросс,  әуеқойлар  және  бұқаралық  велоспорт,  балалар мен  жасөспірімдер  спорты,  әйелдер  велоспорты,  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғаларға  арналған  велоспорт) дамытуды,  сондай-ақ  салауатты  өмір  салтын насихаттауды  жүзеге асырады. 

Оның миссиясы – Қазақстан Республикасында велоспортты танымал ету және дамыту. Ол ұлттық және халықаралық жарыстарды ұйымдастырады және өткізеді.

Сондай-ақ, UCI және ACC халықаралық велосипед спортын ұйымдарымен үздіксіз ынтымақтастықты жалғастырады.

Қазіргі уақытта Федерацияда спорт, маркетинг, коммерция, қаржы, құқық, БАҚ және басқа да салалардағы жоғары білікті мамандар тобы жұмыс істейді.

Біз жоғары деңгейдегі кәсіби дайындығы мен білімі бар, өз міндеттеріне жауапкершілікпен және адал қарайтын, үздіксіз кәсіби дамуға және нақты нәтижелерге қол жеткізуге міндеттенетін үміткерлерді қолдаймыз.

Федерация болашаққа тұрақтылық пен сенімділік ұсынады. Біздің командаға қосылыңыз! Қазақстанда велосипед спортын дамыту үшін бірлесіп жұмыс істейік!

Байланыс электрондық поштасы: info@cycling.kz

facebook
instagram
youtube