Қазақстан Ұлттық Велоспорт Федерациясының вице-президенттері өз жұмысын қорытындылады: техникалық қамтамасыз етуден халықаралық танымалдыққа дейін


Есеп беру кезеңінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Велоспорт федерациясының вице-президенттері елдегі велоспортты дамыту және халықаралық беделін арттыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Олардың негізгі нәтижелері бағыттар бойынша төмендегідей бөлінді:

Ержан Ерикович Біржанов

Тағайындалған күннен бастап өңірлердегі материалдық-техникалық базаны нығайтуға басымдық берді. Қарағанды облысының әкім орынбасарларымен тікелей байланыстары арқылы автокөлік пен велосипедтерді сатып алу мәселесі жылдам шешілді. 2025 жылдың бойында Ержан Ерикович ұлттық чемпионаттар өткізу кезінде барлық билік деңгейлерінде ұйымдастырушылық қолдау көрсетті, туындаған кез келген міндеттер мен мәселелерге жедел әрекет етті.

Серік Мелисович Турдалиев

Үлкен жарыстардың жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етті. Оның қадағалауы арқылы Алматыдағы Азия чемпионаты және Grand Fondo мен Giro Almaty веломарафондары сәтті өтті, бұл велоспортты әуесқойлар арасында танымал етуге және аудиторияны кеңейтуге ықпал етті.

Марат Куанбаевич Сатыбалдиев

Тректік дисциплиналарды дамытуға жауапкершілік алды. Қысқа мерзім ішінде ол төрешілер корпусын арнайы жабдықпен толық қамтамасыз етті және тректе жарыстар ұйымдастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізді, бұл ұлттық және халықаралық жарыстардың сапасын арттырды.

Яна Зель

Әйелдер бағытын үйлестіреді. Оның еңбегі нәтижесінде спортшы Рината Султанованың Араб Әмірліктеріндегі UAE командасында тәжербиеден өтуі ұйымдастырылды, бұл алдағы Азия ойындарына (2026 жылғы 19 қыркүйектен 4 қазанға дейін Жапонияда өтеді) дайындық шеңберінде. Сонымен қатар, Яна халықаралық деңгейде нәтижелі келіссөздер жүргізіп, Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) президенті Давид Лапартьемен кездесті және ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелерін талқылады.

Дмитрий Муравьев

Әкімшілік жұмыс пен жаттықтырушы қызметін үйлестіріп, тас жол ұлттық құраманың бас бапкері міндеттерін тиімді атқарып келеді.

Велоспорт федерациясы өз вице-президенттеріне кәсібилігі, бастамашылдығы және елдегі велоспортты дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіреді. Олардың жұмысы ұлттық және халықаралық ареналардағы болашақ жетістіктердің мықты негізін қалыптастырады.

facebook
instagram
youtube