Азия ойындарының алты дүркін чемпионыАлексей Луценко XDS Astana Team командасының бас бапкері болыптағайындалды

Қазақстандық велоспорттың ең атақты өкілдерінің бірі, Азияойындарының алты дүркін чемпионы Алексей Луценко кәсібиспорттық мансабын аяқтап, Astana жобасына жаңа қызметтеоралады. 2027 жылдан бастап ол XDS Astana Team кәсібивелокомандасының спорттық дайындық тобына бас бапкерретінде қосылады.

Алексей Луценко 2013–2024 жылдар аралығында Astana жобасының құрамында өнер көрсетті. Оның кәсіби спорттағыжетістіктерінің басым бөлігі осы кезеңмен байланысты. Дәлосы уақытта ол халықаралық аренада Қазақстанның жетекшівелошабандоздарының біріне айналды.

Спорттық мансабында Алексей Луценко жоғары нәтижелергеқол жеткізді. 2012 жылы 23 жасқа дейінгі спортшыларарасында әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар «Тур де Франс» және «Вуэльта Испания» секілді беделді көпкүндіквеложарыстардың кезеңдерінде жеңіске жетіп, көптегенхалықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды.

Оның спорттық өмірбаянында Азия ойындарының орныерекше. 2014 жылы алғашқы алтынын жеңіп алса, 2018 жылытағы екі алтын медаль иеленді. 2022 жылы жеке уақытқажарысу түрінен Азия чемпионы атанды. Ал 2026 жылы жекеуақытқа жарысу және топтық жарыс түрлерінен екі алтын медаль жеңіп алды.

Осылайша, Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркінчемпионы атанып, тарихи жетістікке қол жеткізді. Ол жазғыАзия ойындарының тарихында алты алтын медаль жеңіпалған алғашқы қазақстандық спортшы.

Кәсіби мансабын осындай жоғары жетістікпен аяқтағанАлексей Луценко үлкен спорттан қол үзбейді. Керісінше, ендіоның алдында жаңа кезең басталады. Ол көпжылдықтәжірибесі мен білімін жас спортшыларға үйретіп, команданың одан әрі дамуына үлес қоспақ.

Алексей Луценко Astana жобасына оралуы және жаңақызметі туралы пікір білдірді:

«Astana жобасының менің жүрегімде алатын орны ерекше. Кәсіби мансабымның басым бөлігі дәл осы жобаменбайланысты. Менің ең үлкен спорттық жетістіктерімніңбарлығы дерлік осы командада қол жеткізілді. Мұнда мен өзімүшін нағыз спорттық отбасымды таптым.

Сондықтан жобаға жаңа қызметте қайта оралу және кәсібижарыстарға қатысуды аяқтағаннан кейін де спорттағымансабымды жалғастыру мүмкіндігі маған ерекше қуанышсыйлайды.

Спортшыдан команданың жаттықтырушысы рөліне ауысуоңай болмайтынын түсінемін. Жаңа қызметке бейімделіп, қажетті тәжірибе жинақтау үшін маған уақыт қажет болады. Дегенмен өзіме, қабілетіме және біліміме сенемін. Тынымсызеңбек етсек, бәрі ойдағыдай болады деп ойлаймын.

Менің артымда мол спорттық тәжірибе бар. Сол тәжірибемдіжобаның жас велошабандоздарымен ғана емес, бұрынғыкомандаластарыммен және кәсіби пелотондағыәріптестеріммен де бөліскім келеді.

2027 жылы алдымызға қойған ортақ мақсаттарға жетужолында командаға өз үлесімді қоса аламын депүміттенемін», — деді Алексей Луценко.

Айта кетейік, бұған дейін XDS Astana Team командасыныңқұрылымында бас бапкер лауазымы болмаған. Бұл қызметтіңенгізілуі команданың спорттық дайындық жүйесіндамытудағы жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді.

Үлкен Малышка ауылындағы қарапайым баладан Азия ойындарының алты дүркін чемпионына дейінгі жолды жүріпөткен Алексей Луценко енді кәсіби велокоманданың бас бапкері ретінде жаңа белесті бағындырмақ.

Оның спорттық жетістіктері Қазақстан спортының тарихындамәңгі сақталып, жаңа қызметі арқылы болашақ чемпиондардыдаярлауға және қазақстандық велоспорттың дамуына үлесқосатыны сөзсіз.

facebook
instagram
youtube