BeNeLux Bicycle Tour

Тұрақты дамуды насихаттауға арналған Велошеру Алматы қаласында 2022 жылдың 2 қазанында сағат 9:00-де өтеді.
 
Сөре мен мәре:
MEGA Center Alma-Ata СО-ның алды, Розыбакиев көшесі.
Велошеру 1 айналымнан тұрады, жалпы қашықтығы 15 км.
 
Велосипедтің кез келген түрімен қатысуға болады, бірақ ол жақсы жағдайда және моторсыз болуы тиіс.
Жеке велосипед болмаған жағдайда, жалға алынған велосипедті пайдалануға болады.

Велосипедтерді осында жалға алуға болады. Велосипед дулығасын киюге кеңес беріледі.
 
Велошеруге тіркелу:
2022 жылғы 29 қыркүйек сағат 17:00-ге дейін НЕМЕСЕ қатысушылардың максималды санына (1000 адам) жеткенше.

Велошеруге 16+ жастағы адамдар қатыса алады (қатысушының жасы велошеру күнімен анықталады).

QR-код пен ұтыс
Велошеруге және ұтыс ойынына қатысу тек алдын ала осы сайтта тіркелу мен электрондық поштаға QR-код алу арқылы ғана мүмкін болады.

Алынған QR-код велошеру алаңында сөреге дейін көрсетілуі тиіс.
1 қатысушы = 1 QR-код
 
Барлық қатысушылардан, тіркелуді растау мен жаттығу үшін, велошерудің басталуына 30 минут қалғанда бастапқы нүктеге келу сұратылады.

1

Велошеру аяқталған соң, мәре алаңының жанында барлық мүдделі қатысушылар үшін панельдік пікірталас өтеді. Пікірталас велоспорт инфрақұрылымына және оған қатысты тақырыптарға арналған.

Сонымен қатар, қатысушылардың Dutch Cycling Embassy ұйымының «Озық тәжірибе. Нидерландыдағы велосипед мәдениеті» кітабының үш тілде басылған көшірмесін алу мүмкіндігі болады. Талқылауға Urban Forum Kazakhstan, Нидерланды және т.б. сарапшылары қосылады.

1

 

 

Тіркелу

Қашықтық