1914

Қазақстан аумағындағы алғашқы велосипед жарысы

1914 жылдың 6 шілдесінде Ақтөбе қаласында өтті. Аталмыш жарыстың жеңіспазы Сибогат Забиров атанып, чемпион жеңіп алған таза алтын медальдің салмағы 15 грамм болған.

Велосипедшілердің жарысы жөнінде «Ақтөбе хабаршысы» екіапталық әдеби-шаруашылық журналында жазылған (1914 жылғы 17 шілдедегі №19).

1918

Петропавлда, Оралда, Қызылордада үйірмелер ашыла бастаған

Осы уақыттан бастап, велосипед еңбектенуші бұқара халықтың көлігіне айналды.

Всеобуч органдары құрылғаннан кейін велосипед жастардың физикалық дайындығы үшін қолданылып, біртіндеп халықтың тұрмысына кіре бастады.

1922

Әуесқойлар арасындағы жарыстар

Всеобуч үйірмелері мен клубтар арасында қалаларда әуесқойлар арасында жарыстар өткізіледі.

1925

Губерния біріншіліктері өткізіле бастайды

Халық арасында веложарыстар кеңінен таралып, оларға қатысушылар ел арасында ұйымдастырушылық-насихаттау жұмыстарын жүргізді.

1928

Алғашқы Спартакиада өткізіледі

1928 жылдың 17 мамырында Алма-Ата - Шымкент - Алма-Ата веложарысы өткізілді.

1934

Алма-Ата — Семей — Петропавл — Қостанай — Ақтөбе веложарысының өткізілуі

Жарысқа С.Муслимов, А.Васильев, В.Васильев, Ж.Конакбаев, Г.Каймашников, Н.Пустовой, К.Гусев, М.Киркин, Б.Назиров қатысты. 1934 ж. 11 шілдесі -18 тамызы (4000 км).

1938

Ұзындығы 1401 км созылған веложарыс өтті

Бағдары: Алма-Ата – Ұзынағаш – Отар – Георгиевка – Фрунзе – Луговая – Жамбыл – Шымкент және кері бағытта. Кезеңдердің қорытындысы бойынша дене шынықтыру техникумының студенті Николай Маслацов жеңімпаз атанды. Ол арақашықтықты 620 сағат 56 минут 35 секунд ішінде жүріп өтті.

1940

Қазақстанның 20 жылдығына арналған республикалық Спартакиада өтті

Спартакиадаға 12 спорт қауымдастығы қатысты. Велоспорттан Спартакиада чемпиондары – С.Романов («Учитель» ЕСҚ) пен В.Михерянинова («Динамо»).

1947

Соғыстан кейінгі жылдары велоспорт бұқаралық сипатқа ие болды

1947 жылы Республиканың спорт секциялары 4323 адамды қамтыды. Қазақстан велосипедшілері алғашқы жетістіктерге Орта Азия Республикалары және Қазақстан Спартакиадаларында 1948 және 1950 жылы жетті.

1951

Қазақстандықтар алғаш рет КСРО біріншілігіне қатысады

1952-1955

Дарынды жастардың пайда болуы

1952 жәнне 1955 жылдар аралығында В. Джанбеков, О. Сайбеков, Ю. Власов, А. Цветков, Л. Колесникова сияқты дарынды жастар пайда болады.

1955

Қазақ КСР-ының алғашқы жұлдызды көпкүндік веложарысы өтті

1955 жылы Қазақ КСР-ының алғашқы жұлдызды көпкүндік веложарысы өтіп, В. Иванов жеңімпаз атанды.

1956

Қазақстандықтар Бүкілодақтық көпкүндік веложарыста сәтті өнер көрсетті

Веложарыс 1956 жылғы КСРО Халықтары І Спартакиадасының бағдарламасына кірді. Команда 9-орын алып, көптеген спортшылар Цветков, Иванов, Власов пен Портье бұл жарысты спорт шеберлері ретінде аяқтады.

1957

Бүкілодақтық велокростағы Қазақстан құрамасының 6-орны

1957 жылғы Бүкілодақтық велокросқа алғаш рет қатысқан Қазақстан спортшылары 6-орын иеленді. Дәл сол жылы жасөспірімдер командасы Бүкілодақтық мектеп оқушылары спартакиадасында 2-орын алды.

1961

Владимир Жарков алғашқы қазақстандық КСРО чемпионы атанды

1961 жылы Ленинградтағы велотректе топтық жарыста Владимир Жарков алғашқы қазақстандық КСРО Чемпионы атанды.

1963

Михаил Калинкин КСРО Халықтары Спартакиадасының жеңімпазы болды

1963 жылы Михаил Калинкин 50 км тасжолдағы жеке жарыста КСРО Халықтары Спартакиадасының жеңімпазы атанды.

1966

Владимир Жарков КСРО құрама командасы құрамында Әлем веложарысының жеңімпазы атанды

1966 жылы Владимир Жарков КСРО құрама командасы құрамында ГДР, Польша, Чехословакия жолдары бойынша Әлем веложарысының жеңімпазы болды.

1970

Резервті дайындауда Қазақстанның велоспортын дамытудың маңызды кезеңдерінің бірі 1970 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Қазақстан оқушысы» көпкүндік халықаралық жарысы деп санауға болады. 46 жыл бұрын Қазақстан Халыққа білім беру министрлігінің Республикалық балалар-жасөспірімдер жоғары спорттық шеберлік мектебінің бастамасымен, ал 2002 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығы тарапынан өткізеді. Осы жылдар ішінде жарыс республикамыздың жас велосипедшілерін және ТМД командаларын даярлау мектебіне айналды.

1970-1990

КСРО құрамалары құрамында қазақстандық велоспорттың әлемдік аренаға шығуы

КСРО Чемпионаттары мен ірі халықаралық жарыстардағы жеңістермен бірге Қазақстан шабандоздары мойындала бастады. Кухарский В. — (Әлем веложарысы, КСРО 3-орын), Степаненко А. — (1972 ХХ Олимпиада ойындары Мюнхен 29 тамыз-7 қыркүйек КҚЖ – КСРО 7-орын), Тусумханов О., — (1971 жылғы КСРО Халықтарының Спартакиадасы, Москва ГГ 1984 – 2-орын), Штыхлин В. — (1972 ХХ Олимпиада ойындары Мюнхен 29 тамыз-7 қыркүйек КҚЖ – – КСРО 7-орын), Лиханова Н. (Каратаева) – (КСРО Халықтарының Спартакиадасы 1967 IV Мәскеу КҚЖ – 3-орын),

Продан В. – (Жастар арасындағы КСРО біріншілігі 1971 Харьков Юниорлар ӨҚЖ 4 км – 1-орын), Кравченко В. — (Әлем чемпионаттары 1991 ГФР КЖ 4 км – 2-орын КСРО), Сапажанов Д. — (1985 Градец-Кралове КЖ 70 км – 2-орын), Волошин В. — Чемпионаты Мира (шоссе), М.Сатыбалдиев- 1989 Әлем чемпионаты 1-орын ГГ150 кр және басқалары осы дәстүрді жалғастырды. Осы сәттен бастап Қазақстанның велосипед спорты КСРО құрама командалары құрамында әлемдік аренаға шықты.

1992

Қазақстанның велосипед спорты федерациясының құрылуы

Қазақстан егеменді мемлекет ретінде қалыптасқаннан кейін Қазақстанның велосипед спорты федерациясы құрылды. Федерация Халықаралық велосипедшілер одағы мен Азия велосипед спорты конфедерациясының құрамына кірді. Федерацияның бірінші президенті – Кухарский Владислав Павлович.

1993

UCI Әлем чемпионатындағы алғашқы қатысу

Қазақстандық команда ұлттық құрама ретінде алғаш рет Осло қаласында (Норвегия) өткен тасжолдағы велосипед спортынан UCI Әлем чемпионатына қатысты. Топтық жарыста В. Кравченко 2-орын алды.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына алғаш рет қатысады.

1996

Қазақстандық велосипедшілер алғаш рет АҚШ-тың Атланта қаласында өткен XXVI жазғы Олимпиада ойындарында ел құрамасы сапында қатысады.

2000

XXVII жазғы Олимпиада ойындарының күміс медалі

А. Винокуров Австралияның Сидней қаласында өткен XXVII жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

2003

А.Винокуров «Тур де Франстың» бас есебінде 3-орын алды

2005

UCI лицензиясын алу

2004 жылы «CAPEC» клубы құрылды, ал 2005 жылы команда UCI лицензиясын алды және құрлықтық команда ретінде тіркелді. Команда негізінен қатысты Азия және Африка Турға қатысты.

2006

«Астана» кәсіби велокомандасының құрылуы

2006 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен «Астана» кәсіби велокомандасы құрылды. Сол жылы «Астана» велокомандасының шабандоздары А. Винокуров пен А. Кашечкин Испанияның Вуэльта суперкөпкүндігінің бас классификациясында сәйкесінше 1-ші және 3-ші орындарды иеленді. Осы жеңіспен команда жоғарғы дивизионның ең мықты велокомандаларының қатарына енді.

2010

UCI-де алғашқы отандық трек командасы «Астананың» тіркелуі

Биыл UCI-де бірінші отандық трек командасы – «Астана» тіркелді және команда құрамына халықаралық жарыстарда жақсы нәтижелер көрсетуді жалғастырып келе жатқан мықты трек мамандары кірді.

2011

Астана қаласындағы велосипед спортынан Әлем Кубогінің бірінші кезеңі

2011 жылдың 3-6 қарашасы аралығында Астана қаласында велосипед спортынан Әлем Кубогінің бірінші кезеңі өтті, онда қатысушылардың рекордтық саны жиналды. Осы Әлем Кубогін жариялау және қызмет көрсету үшін 100-ден астам журналист аккредиттелді, оның ішінде 40-ы шетелдік БАҚ өкілдері.

2012

А. Винокуров Лондондағы велосипед спортынан XXX Олимпиада ойындарының чемпионы

2012

Алексей Луценко жастар арасында тасжолдағы велоспорттан Әлем чемпионы атанды.

Қазақстандық фиништық спринтте француз Браян Кокуард пен бельгиялық Том ван Асброекті басып озды. 177 шақырымдық дистанцияны Луценко 4 сағат 20 минут 15 секундта жүріп өтті.

2013

«Тур Алматы» — UCI-де тіркелген алғашқы халықаралық велосипед жарысы

2014

Трек пен тасжолдағы велосипед спортынан Қазақстандағы алғашқы Азия чемпионаты

2014 жылдың 21 мамырынан 1 маусымына дейін Қазақстанда алғаш рет Астана және Қарағанды қалаларында трек пен тасжолда велосипед спортынан Азия чемпионаты сәтті өтті.

2015

Тректегі велосипед спортынан юниорлар арасындағы Қазақстандағы алғашқы әлем чемпионаты

2015 жылдың 19-23 тамызы аралығында Қазақстанда алғаш рет Астана қаласында велосипед спортынан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты абыроймен өтті.

2016

Ұлттық құрама Риодағы Олимпиада ойындарына қатысты

Тәуелсіздік алғалы бері тарихта алғаш рет қазақстандық велоспортшы Артем Захаров «омниум» трек бағытында елдің намысын қорғады. Артем Захаров 10-орын алды. Андрей Зейц тасжолдағы топтық жарыста 8-орынды иемденді.

2017

Tour of Almaty

Тасжолдағы «Тур Алматы» халықаралық кәсіби веложарысы алғаш рет екі кезеңнен тұрып, «көпкүндік» дәрежесін иеленді.

2018

Буэнос-Айресте өткен жасөспірімдер Олимпиадасындағы алтын медаль

Ұлттық құраманың спортшылары Буэнос-Айресте өткен жасөспірімдер олимпиадасында тамаша өнер көрсетті. Глеб Брусенский мен Евгений Федоров құрама жарыстарда алтын медаль жеңіп алды.

2019

Silk Way Series халықаралық жарыстары өтті

Нұр-Сұлтанда «Сарыарқа» республикалық велотрегінде Silk Way Series халықаралық жарыстары өтті. «Silk Way Series Astana» — «трекшілер» әлем кубоктерінің кезеңдеріне қатысуға қажет рейтингтік ұпайлар жинауға мүмкіндік алатын CL2 және CL1 санатты жарыс. «CL1» санатты жарыс Қазақстанда алғаш рет өтті.

2020

«Астана» шабандозы Алексей Луценко «Тур де Франс» көпкүндігінің алтыншы кезеңінде жеңіске жетті

«Тур де Франстың» алтыншы кезеңі қазақстандық велоспорт үшін нұр жауған күн болды: Қазақстан чемпионы Алексей Луценко француздық суперкөпкүндіктің 6-кезеңінде өрге қарай жарыстан Мон Эгуаль шығында топ жарды.

Луценко соңғы асудың қауіпті аймағына жеткенде, шамамен финишке 17 шақырым қалғанда шабуылға шықты. Қазақстан чемпионы қарсыластарының барлығын артқа тастап, жекелей алға озды. 50 секундтай басымдылыққа ие болған Луценко Мон Эгуаль шыңында мәреге жалғыз өзі келіп, спорттық мансабындағы ең үлкен жетістіктерінің біріне қол жеткізді.

2022

Евгений Федоров

Евгений Федоров Вуллонгонгте (Австралия) андерлер арасындағы топтық жарыста әлем чемпионы атанды.