28 ақпан мен 1 наурыз аралығында Индонезияның Джакартасында Азия велоспорт конфедерациясының (АСС) конгресі  мен Қазақстанның велосипед спорты федерациясының президенті Нұрлан Смағұлов мүшесі болып табылатын ААС басқарушы комитетінің отырысы болып өтті. Конгреске Азия елдерінің ұлттық федерацияларының басшылары ғана емес, сондай-ақ Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) топ-менеджерлері, оның ішінде UCI президенті Давид Лаппартьен қатысты. ҚВСФ атынан бас хатшы Әсем Қонақбаева қатысты.

Конгресс қатысушылары арасында құрлықта велоспортты дамыту және Азия елдерінде UCI спутниктік орталықтарын енгізу мәселелері негізгі талқылау нысанына айналды, ал жақын арада ACC жоспарлаған жаңалықтардың бірі виртуалды велоспорттан Азиядағы алғашқы чемпионатты өткізу болады. Іс-шараның соңына қарай Конфедерация велосипед шынжырымен байланысқан екі дөңгелек пішінге ұқсас алтын түсті жаңа логотипті таныстырды.

Сондай-ақ, конгресс аясында Азия чемпионаттарында ең көп медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасының жетістіктері ерекше атап өтілді. Конфедерация өкілдері Евгений Федоровтың әлем чемпионатында андерлер арасында тасжолдағы топтық жарыста жеңіске жеткені үшін ҚВСФ-ға айрықша алғыс білдірді. Мұнан басқа, азиялық велоқауымдастық Нұрлан Смағұловтың ҚВСФ президенті қызметіндегі жұмысына жоғары баға беріп, құрлықтағы велоспортты дамытуға қосқан үлесі үшін марапат табыстады.

ҚВСФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚВСФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры