Қазақстандық велоспорттағы спринттік бағыттың жандануы 2012 жылға тұспа-тұс келді. Сол кезде спринттік ерлер құрамасының жасөспірімдер құрамасы алғаш пайда болды. Араға бес жыл салып спринт бойынша элитадағы құрама құрылады. Отандық велосипедшілер халықаралық жарыстарға қатысып, ұпай жинап, UCI рейтингісінде көтеріле бастады. Алайда отандық велосипедшілердің арасынан толықтай спринттік бағытқа жатқызуға болатын адам болған жоқ.

Жағдай 2021 жылы – жасөспірім Юлия Голубкованың әлем чемпионатындағы жетістігінен кейін өзгерді. Сол кезде жас шабандоз дара спринтте қола медаль жеңіп алып, кейринде 4-орын иеленді. Бүгінгі таңда Юлия Голубкова – халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын жалғыз қазақстандық спринтші.
Қазақстандық велоспорт федерациясына берген сұхбатында спортшы неліктен спринтті таңдағанын және оның элитадағы мансабы қалай жүріп жатқанын айтып берді.

- Юлия, велоспортқа қалай келгеніңді айтып берші. Бұл Өскеменде аса кең таралмаған спорт түрі ғой.
- Мен аулада басқа балалармен бірге ескі великпен жарысқанды жақсы көретінмін. Жиі мен олардың қажетіне жарайтын адам болатынмын. Қызық үшін, көңіл көтеру үшін жарысатынмын. Осы спорт түріне деген қызығушылықтың оянуына да осы кез себеп болды.

Бірде үйде отырып, даладан қызық бір дыбыс құлағыма келді. Кейін білгенімдей, артқы дөңгелектің сылдырағы екен. Мен бір қыздың ауладағы балалардікіне қарағанда әлдеқайда жылдам жүретін ерекше велосипед мініп келе жатқанын байқадым.

Сөйтсем, біз тұратын үйдің астынан екі подъезд әрі велоклуб ашылыпты! Бес минут ішінде мен анамның қолынан ұстап, сол велоклубтан бір-ақ шықтым және тренерден мені алуын өтіндім. Жасым 9-да болатын, бапкер бәрібір адам аз, көрейік деді. Содан бері, міне, 11 жыл велоспортта жүрмін.

- Әдетте велоспортқа 11-12 жаста келеді. Қиын болған жоқ па?
- Алғашқы қадамдар әрине оңай болған жоқ. Қарапайым дисциплинаны үйрену мен жаттығуға қалмай келу. Кейін барлығы қалыпқа түсіп, қала, облыс деңгейіндегі алғашқы жарыстарға шыға бастадым, онда жүлделі орындар алып, көзге көрінуге тырыстым. Алғашқы екі медальды маунтинбайктен ҚРЧ жеңіп алдым. Сол кезде кішкентай жетістігімнен қуанышым қойныма сыймай, басқа ештеңе туралы ойламағанмын.

- Неліктен тректегі велоспортты таңдадың? Және неліктен спринтті таңдадың?
- Мен Астанадағы басқа ҚРЧ-де болғанда бапкерім маған құрама қызығушылық білдіргенін хабарлады. Осылайша, мен алғашқы жиынға қатысып, онда мені бапкерлер байқап, спринтке баруды ұсынды. Осы спорт түріне икемім бар деді.

Келістім, күлкілі болса да айтайын, «Спринт деген не?» деген сұраққа бапкер «Онда тез және аз жүреді» деп жауап берді.

- Қалай ойлайсың, нелікен Қазақстанда спринтші қыздар аз? Бағытты таңдағанда жүрексінген жоқсың ба?
- Жоқ, қорықпадым, керісінше, ынтам арта түсті. Өзім арқылы барлық қыздарға бәрі мүмкін екенін, мұның велоспорттың бір бағыты екенін көрсеткім келеді.
Әзірге икемі бола тұра, спринтке келетін қыздардың қарасы аз. Меніңше, бұл спринттегі жаттығулардың өзіне тән ауырлығымен байланысты сияқты. Тіпті, мүлдем басқа деуге болады, көбірек күш түседі. Сол себепті оны барлығы орындағысы келе бермейді, барлығының шамасы жетпейді.

- Қазіргі сәттегі мансап жолыңдағы ең маңызды жетістік туралы айтайықшы. Әлем чемпионатындағы қола медаль. Бәрі қалай болды?
- Чемпионатқа дайындық ерте басталды. ОЖЖ-да жақсылап жаттықтық: күш жатығулары, шоссе, тауға шығу, демалыс.

Мен чемпионат басталардан бір күн бұрын өзімді іштей дайындап, жақсы нәтижеге дайын екенімді түсіндім. Біліктіліктен кейін барлығы менің мүмкіндігім мол екенін түсінді. Сол сәтте мен соңына дейін беріспеймін деп өзімді қамшыладым. Одан кейін ¼ финалға өттім. Содан кейін Украинадан келген қызбен екі раунд өткіздім, оның барысында мен оны жеңе алмадым және бірінші-екінші орынға шыға алмадым. Бірақ мен соңына дейін күресу керек екенін білдім және Америкадан келген қызбен екі рет сынға шықтым, онда мен екі раундта да жеңіске жеттім.

Шынымды айтсам, мен не болып жатқанын бірден түсінбедім, бірақ айналамдағылардың бәрі қуанып, мені құшақтап жатты. Тікелей эфирден менің тіпті қолымды бірден көтермегенім айқын байқалады,  маған айқайлағаннан кейін ғана түсіндім.

Әрине, санамда сан мың сезім. Тіпті не сезініп тұрғаныңды түсінбейсің, эйфорияға бой алдырасың. Командамен құшақтасып жатқанда жылап жібердім.

- Әлем чемпионатындағы жетістіктен кейін өміріңде не өзгерді?
- Үйге оралғаннан кейін көп нәрсе өзгерді. Көптеген сұхбаттар, мені іс-шараларға, балалар мен жас спортшылармен кездесулерге шақырды. Велоспорт федерациясы ұйымдастырған салтанат болды, онда бізді марапаттады. Жүлде қорын бөлді, оны орынды пайдаландым.

- Құпия болмаса, жүлдені қалай бөлдің?
-  Бір бөлігін депозитке салдым, ал бір бөлігін спорттық жабдықтарды жаңартуға жұмсадым.

- «Элита» санатына өткеннен кейін сен «Астана» трек клубы үшін өнер көрсете бастадың. Бұл сен үшін қандай мүмкіндіктер туғызды?
- Біріншісі және ең маңыздысы – халықаралық жарыстарға қатысу. Бұл жарыс тәжірибесін жинауға, жаңа перспективаларға жол ашады, әрі қарай жақсырақ нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.

- Әдетте, сен үшін маусым қалай өтеді? Жаттығулар мен жарыстарға қанша уақыт жұмсайсың?
- Маусым қатаң түрде жарыс күнтізбесі мен жаттықтырушының нұсқауы бойынша құрылады. Қазіргі уақытта мен сыртта өтетін екі маңызды старт туралы нақты білемін: бұл Азия чемпионаты және біз дайындалып жатқан Азия ойындары. Сондай-ақ, маусымға Спартакиада мен ұлттық чемпионат, облыстар мен мықтыларды анықтайтын маңызды старттар кіреді.

Апта әдетте стандартты түрде өтеді. Аптасына 1-2 демалыс. Қалған күндері жаттығу жүреді, күніне 2-3 жаттығу өтеді. Жоспарға байланысты. Демалуға да жаттығуға қарағандай асқан жауапкершілікпен қарау керек. Бұл – ең маңызды процесс!

- Қызық екен! Спортшы қалай дұрыс демалуы керек? Айтып берші.
- Контрасты душ, монша немесе бассейн болуы мүмкін. Демалу, ұйықтау немесе велоспорпен байланысты емес өзіңнің сүйікті ісіңмен айналысу. Сондай-ақ белсенді демалыс күнін өткізуге болады, тек қатты шаршап қалмай, сергіп, демалу үшін.

- Спорттан тыс немен айналысасың?
- Видео монтаждауға және сурет редакциялауға қызығамын. Маған бұл тақырып өте қызықты, өз бетіммен осы саланы меңгеруге тырысамын. Сондай-ақ кейде гитара ойнап, мототехникамен айналысамын.

- Болашаққа алдыңа қандай мақсат қоясың?
- Қазіргі сәтте кемінде Азияда мен Азия чемпионатында жүлдегер атану. Сондай-ақ, жүру техникамдағы осал тұстарымды жақсарту, жарыстарға қатысу тактикамды қолға алу.
 
ҚВСФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚВСФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры