24 жасында дарынды қазақстандық велосипедші Дінмұхамед Ұлысбаев өмірден өтті

Өзінің спорттық мансабы жолында Дінмұхамед тасжолдағы велоспорт бойынша Азия чемпионатын жеңді, Әлем кубогі кезеңдерінің жеңімпазы атанды, сондай-ақ бірнеше мәрте ҚР Ұлттық чемпионатының медальдарын жеңіп алды.

Қазақстанның велосипед спорты федерациясы Дінмұхамед Ұлысбаевтың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оның өмірден өтуі – бүкіл велосипедшілер қауымдастығы үшін ауыр қаза.