26 09.2019

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ЙОРКШИРДЕ ӨТКЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕКЕЛЕЙ УАҚЫТҚА АРНАЛҒАН ЖАРЫСТА 25-НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Йоркширде велоспорттан өтіп жатқан Әлем чемпионатында ерлер мен андерлер арасындағы жекелей уақытқа арналған сайыс аяқталды.

Ерлер арасында аустралиялық Роан Деннис үздік нәтиже көрсетіп, 54 шақырымдық жарыс жолын  1:05:05.35 уақытта бағындырды. Бельгиялық Ремко Эвенпуль екінші орынға ие болса, италиялық Филиппо Ганна үздік үштіктің қатарын толықтырды.

Қазақстандық шабандоздар арасында үздік нәтиже көрсеткен Алексей Луценко 25-орынға тұрақтады. Ол көшбасшыдан 4 минут 29.1 секунд уақыт қалып қойды. Даниил Фоминых 37-нәтиже (+6:50.40) көрсетті.

Андерлер арасында өткен жекелей жарыста қазақстандықтар арасында үздік нәтиже көрсеткен Евгений Фёдоров 35-орынға ие болды.Вадим Пронский 39-орынға тұрақтады.

Photo: Chris Kendall Photography

Share:

Leave a comment

Войти с помощью: