29 04.2019

Қапшағайда маунтинбайктен Қазақстанның қысқы біріншілігі өтті

18 мен 221 сәуір Қапшағайда (Алматы облысы) маунтинбайктан қысқы біріншілік өтті. Қысқы біріншілікте ерлер, қыздар, жасөспірімдер арасында XCR, XCO, XCС жарыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Республикалық жарыстарға 13-14, 15-16 жастағы жеткіншектерде қатысты.  

Бәсекеге Қазақстанның әр аймағынан спортшылар келіп қатысты. Жарыс ұйымдастырушыларының айтуынша бәсеке өте қатты тартысты өтіп, соңына дейін медальға талас болған.

«Қапшағайдың ғаламат табиғи көрінісі біздің көрікті әрі экстремалды жарысымыздың өтуіне лайық екен, – дейді жарыстың бас төрешісі Светлана Дмитриева. – Оның үстіне біздің жарыс бұл жолы Ұлттық олимпиада комитеті акредиттеген «KapchagayMarineclub» спорт кешенінде өтті.

Кросс-кантри шорт-тректен (ХСС) Қазақстан Республикасының чемпионы атағын: ерлер арасында Темірлан Мұхамедянов, қыздар арасында Татьяна Богданова, жасөспірімдер арасында 15-16 жас – Никита Галкин, жеткіншектер арасында Вячеслав КлимеровқыздарбәсекесіндеАнжелика Бруйбалалар арасында –Егор Карасевжеңді.

Ал кросс-кантри олимпик (ХСО) сайысында: ерлер арасында Шәкір Әділов,  қыздар арасында Татьяна Генелева,жасөспірімдер арасында Егор Карасев, қыздар арасында Анжелика Бруй, жеткіншектер арасында 15-16 жастаНикита Галкин, ад 13-14 жас аралығында Вячеслав Климеров чемпион атанды.

Ал кросс-кантри-эстафете  (ХСR) сайысында Алматы облысының құрамасы бірінші орыннан көрінді.Олардың құрамындаДенис Писклов, Илья Мантуров, Татьяна Генелеважәне Денис Сергиенколар болды 37 минут, 7 секундтық нәтиже көрсеткен елордалық спортшылар Юрий Филатов, Сағат Исин, Татьяна Богданова және Темірлан Мұхамедяровтар күміс жүлдегер атанды.  Қола жүлдені Алматы қаласының шабандоздары Ильи Коровко, Екатерина Степанова, Виталий Решетченко мен Нұрғали Төребековтер еншіледі.

 

Share:

Leave a comment

Войти с помощью: