24 10.2019

АЗИЯ КӨШБАСШЫЛАРЫ: UCI ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕРДІ ҚАЙТА ЖАҢАРТТЫ

Халықаралық велесебедшілер одағы UCI спортшылар мен ұлттардың қайта жаңартылған рейтингтерін жариялады деп хабарлайды Olympic.kz.

Жаңартылған олимпиадалық рейтингте Қазақстан 19-сатыға жайғасты. Рейтингтің көшбасшылары арасында Франция 1-орында тұр. Ал Бельгияның командасы 2-орынға, Италия командасы 3-орынға жайғасты.

Жекелей көрсеткіш бойынша әлемдік рейтингте қазақтандық спортшалыр арасынан велоспорттан ұлттық құраманың көшбасшысы Алексей Луценко 1-орында келеді . Ол 22-орынға ие болды. UCI  рейтингі бойынша Луценко Азияның абсолютті көшбасшысы. Қазақстандықтың еншісінде 1688 ұпай бар. Оның ұпай саны екінші орында келе жатқан Қытай өкілі Лю Ксианджингтен үш есе көп. Ал қазақстандық Евгений Гидич құрлықтық рейтингтің үшінші сатысына жайғасты.

Сонымен қатар Қазақстан азиялық рейтинг бойынша 1-орында тұр. Біздің команданың 3259.35 ұпайы бар. Екінші орында Иран. Ал Жапония үздік үштіктің қатарын толықтырды.

Естеріңізге сала кетсек, 15 қараша күні Халықаралық велесебедшілер одағы UCI 2020-жылы Токиода өтетін олимпиада жолдамаларын жаряланған мемлекеттердің рейтингі бойынша бөлетін болады.

Share:

Leave a comment

Войти с помощью: