30 09.2019

ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ӨТКЕН ТОПТЫҚ ЖАРЫСТА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМАНДА ТОЛЫҚ ҚҰРАММЕН МӘРЕГЕ ЖЕТЕ АЛМАДЫ

Тас жолдағы велоспорттан Йоркширде өтіп жатқан Әлем чемпионатында ерлер мен әйелдер арасында топтық жарыс өтті.

Голландиялық Аннемик ван Влетен әйелдер арасында өткен топтық сайыста жарыс жолын 4 сағат 6 минут 5 секунд уақытта жүріп өтіп, жеңіске қол жеткізді. Екінші орынды тағы бір нидерландиялық Анна ван дер Брегген (+2 минут 15 секунд) иеленсе, аустралиялық Аманда Спратт (+2.28) мәреге 3-болып келді.

Қазақстандықтар Наталья Сайфутдинова мен Махаббат Үмітжановалар жарысты аяқтай алмады.

Ерлер арасында өткен топтық жарыста 197 шабандоздан мәреге тек 46 шабандоз ғана жетті. Спортшылардың жарыстан шығып қалуына қолайсыз ауа-райы әсер етті. Сайыс өткен күні Йоркширде толассыз жаңбыр жауды. Оған қоса жарыс барысында шабандоздар қақтығысы орын алды. Қазақстандық команда толық құраммен жарысты аяқтай алмады.

Нәтижесінде дат велошабандозы Мадс Педерсен 1-орынға ие болды. Италиялық Маттео Трентин мәреге 2-болып келсе, Швейцария өкілі Штефан Кюнг үздік үштіктің қатарын толықтырды.

Share:

Leave a comment

Войти с помощью: