28 10.2019

ИНДОНЕЗИЯДА МАУНТИНБАЙКТЕН ӨТКЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА КИРИЛЛ КАЗАНЦЕВ 7-ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

Джакартада (Индонезия) маунтинбайктен кросс-кантри элиминатор дисциплинасы бойынша Азия чемпионаты өтті.

Құрлықтық біріншілікте қазақстандық команданың екі өкілі – Кирилл Казанцев пен Темірлан Мұхамедянов бақ сынады. Спортшыларымыз жүлделі орындарға ие бола алмады. Казанцев мәреге жетінші, ал Мұхамедянов оныншы болып келді. Зейнал Фанани (Индонезия) жеңіс тойын тойласа, оның ізімен мәреге келіп жеткен Сингапур өкілі Рияд Бин Лукман 2-орынға ие болды. Ренди Санжая (Индонезия) 3-нәтиже көрсетті.

Share:

Leave a comment

Войти с помощью: