28 09.2019

ЙОРКШИРДЕГІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ. ЖАСӨСПІРІМДЕР МЕН ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ӨТКЕН ТОПТЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Йоркширде (Ұлыбритания) тас жолдағы велоспорттан Әлем чемпионаты өтуде. Жасөспірімдер мен қыздар топтық жарыс бойынша жүлделі орындар үшін таласқа түсті.

Жарыс жолы 86 шақырымды құрайтын, қыздар арасында өткен топтық жарыста мәреге 77 шақырым қалғанда қазақстандық Диана Буканова көш басында келе жатқан. Ол негізгі топтан 50 секунд уақыт басымдылыққа ие болды. Алайда финишке 50 шақырым қалғанда пелотон оны қуып жетті.

Америкалық велошабандоз Меган Джастрэб жеңімпаз атанса, күміс жүлде бельгиялық Жюли де Вильдеге бұйырды. Ал Нидерланды өкілі Лике Ноойен қола жүлдеге ие болды.

Қазақстандықтар арасынан үздік нәтиже көрсеткен Ульяна Сухоребрик 50-орынға тұрақтады. Диана Буканова мәреге 60-болып келсе, Анастасия Лынник 90-нәтиже көрсетті. 

Дәл осы дисциплина бойынша  148.1 шақырымдық жарыс жолын 3:38:04 уақытта жүріп өткен америкалық Куин Симмонс үздік нәтиже көрсетті. Италиялық Алессио Мартинелли 2-орынға ие болса, тағы бір Америка өкілі Магнус Шеффилд үздік үщтіктің қатарына ілікті.

Қазақстандық велошабандоздар Николя және Александр Винокуровтар, сонымен қатар Максим Попугаев жарыс жолынан шығып қалып,сайысты аяқтай алмады.

Share:

Leave a comment

Войти с помощью: