29 09.2019

ЙОРКШИРДЕГІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ВАДИМ ПРОНСКИЙ ТОПТЫҚ ЖАРЫС БОЙЫНША 22-НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Йоркширде (Ұлыбритания) тас жолдағы велоспорттан Әлем чемпионаты өтуде.

Андерлер арасында топтық жарыс бойынша қазақстандық велошабандоздар арасынан  үздік нәтижеге қол жеткізген Вадим Пронскиймәреге 22-болып келді. Евгений Федоров 24-орынға ие болса, Глеб Брусенский 49-орынға тұрақтады.

Италиялық велошабандоз Самуэле Баттистелла андерлер арасында өткен топтық жарыста әлем чемпионы атанды. Спринтте жеті шабандоздан тұратын топ арасынан Баттистелла мәреге екінші, ал нидерландиялық Нильс Экхофф бірінші болып келгенімен, төрешілердің шешімі бойынша Нильс Экхоффтың нәтижесін есепке алмады. Жарыстың бақылаушылары GPS және бейнежазба арқылы голландиялықтың құлағаннан кейін пелотонға жоғары жылдамдықпен жүрген техникалық көлікпен келіп қосылғанын анықтады.

Екінші орын Швейцария өкілі Штефан Биссеггерге бұйырды. Ұлыбританиялық спортшы Томас Пидкок үздік үштіктің қатарына ілікті.

Photo: Chris Kendall

 

Share:

Leave a comment

Войти с помощью: