09 12.2019

Велотректен Әлем Кубогі: Қазақстан құрамасы қола медаль иеленді

Трек велоспортынан Қазақстан құрамасы Әлем Кубогінің кезеңдерінде өнер көрсетуін одан әрі жалғастыруда.

6-8 желтоқсан аралығында қазақстандық велошабандоздар Жаңа Зеландияның Кембридж қаласында өткен Әлем Кубогінің 4-кезеңінде өнер көрсетті.

         Екінші жарыс күні омниум сайысы бойынша Артем Захаров қола медальға ие болды. Жүлделі орын үшін берілген ұпайлар қазақстандық команда үшін маңызды. Мұндай нәтиже құраманы Токиода өтетін Олимпидаға жолдама алуға біртабан жақындатады. Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық шабандоздарға әлем чемпионатына қатысу керек. Содан кейін ғана олар дүниежүзілік біріншілікте өнер көрсете ме, әлде жоқ па, белгілі болады. Скретч сайысы бойынша Артем Захаров 8-орынға ие болды.

Омниум жарысы бойынша Рината Сұлтанова 6-орын иеленді. Әлем Кубогінің 3-кезеңінде 21 жасар велошабандоз қыз дәл осы дисциплина бойынша 9-нәтиже көрсеткен болатын. Бұл көрсеткіш қазақстандық шабандоз қыздар арасында осыған дейінгі өткен Әлем Кубоктеріндегі ең жоғарғы нәтиже. Осылайша Рината Сұлтанова өз көрсеткішін жаңартып, тағы үш сатыға жоғары көтерілді.

Спринтерлер арасында  Сергей Пономарев көзге түсті. Ол кейрин дисциплинасы бойынша 8-орынға ие болды.

Командалық спринт бойынша Павел Воржев, Андрей Чугай және  Сергей Пономаревтар өнер көрсетті. Олар 10-орынға ие болды.

13-15 желтоқсан арасында Аустралияның Брисбен қаласында Әлем Кубогінің 5-кезеңі өтеді.

Share:

Leave a comment

Войти с помощью: