Винокуров Александр Николаевич Вице президент

1973 жылдың 16 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл елді мекенінде дүниеге келген.
Солтүстік Қазақстан университетінің дене шынықтыру және биология мамандығын тәмамдаған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

«Casino», «Team Telekom», «T-Mobile», «Liberty Seguros-Würt», «Astana» командаларының сапында жарыстарға қатысқан.

2000 жыл – Сиднейде өткен велоспорттың шоссе түрінен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

2000 жыл – «Team Telekom» командасына ауысты (2004 жылдан бастап «T-Mobile»).

2003 жыл – атақты «Париж-Ницца» және «Амстел голд рейс» турнирлерінің жеңімпазы. Сол жылы «Швейцария туры» мен «Тур де Франс» көпкүндігінің бір кезеңінде жеңіске жетті. Жарысты Лэнс Армстронг және Ян Ульрихтан кейін үшінші болып аяқтады.

2006 жыл «Liberty Seguros-Würth» кәсіпқой велокомандасының құрамына ауысты. Кейін қазақстандық демеушілердің келуімен велокоманда «Астана» деп аталды. Александр Винокуровтың «Астана» велокомандасы сапындағы алғашқы жеңісі 2006 жылы тіркелді. «Вуэльта Испания» гранд-турының жалпы есебінде бірінші орынды жеңіп алды.

2009 жыл екі жылға созылған үзілістен кейін «Тур де Лайн» көпкүндігінің жекелей сайысында топ жарды.

2010 жылы ең танымал көпкүндіктің бірі «Льеж-Бастонь-Льеж» жарысында жеңімпаз атанды.

2011 жыл. Тур де Франс көпкүндігі. Александр Винокуров тоғызыншы кезеңде ауыр жарақат алды.

2012 жылы Лондон Олимпиадасында велоспорттың шоссе түрінен чемпион атанды.

2013 жылдан бастап «Astana ProTeam» велокомандасының бас менеджері.

2000 жылғы Олимпиада ойындарындағы (Сидней) күміс жүлдесі үшін «Парасат» орденімен марапатталды. «Мемлекетке сіңірген ерекше еңбегі, ел спортын дамытуға қосқан елеулі үлесі және жоғары спорттық жетістіктері үшін» («Vuelta a España» көпкүндігінің жалпы есептегі жеңісі мен Әлем чемпионатының қола жүлдесі) ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасындағы жеңісі үшін «Отан» орденімен құрметтелді.

Баталов Райымбек Әнуарұлы

Вице президент Толық...

Забирова Зульфия Хасанқызы

Вице президент Толық...

Мансұров Тұлпар Қайырұлы

Генеральный секретарь Толық...

Дмитрий Сергейұлы Муравьев

Атқарушы директор/Вице-президент Толық...