24 07.2019

Талғарда МТБ-тан спартакиада өтті

Талғарда 18-21 шілде аралығында ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының V-жазғы спартакиадасы және Олимпиада ойындарының тартысты велосипед спорты – маунтинбайктан жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты өтті.  

МТБ-дан өткен ел біріншілігінде Қазақстанның әр түрлі аймағынан келген ерлер, әйелдер, жасөспірімдер мен қыздар, жалпы саны 50-ден астам велесебедшілер бақ сынады. Қатысушылар Ұлттық чемпион атағы үшін екі дисциплина бойынша – кросс-кантри элиминатор және кросс-кантри олимпик сайыстарынан таласқа түсті.

Бағдарлама бойынша маунтинбайктың олимпиадалық түрінен – сұрыптау жарысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының өкілі Татьяна Богданова 1-орынға ие болды.

«Мен Кубокта құлап, жарақат алғанмын, –деді Татьяна Богданова. – Қайта бабыма келдім. Жарысқа қатысуға рұқсат бермеген. Сонда да қатыстым. Физикалық тұрғыдан қиын болды. Бірақ, жалпы барлығы жақсы. Жеңіске жету аса қиындық туғызбады».

Ерлер арасында өткен жарыста сенсация болды. Жас спортшы Темірлан Мұхамедиянов спартакиада жеңімпазы атанды. Нұр-Сұлтандық велесебедші финалда   Денис Сергиенко мен Шәкір Әділовтен басым түсті.

«Жарыс басталғандағы әдіс келесідей болды: сөреде жеңіске жетіп, алғашқы бұрылыс жолына шығу болатын, – деп атап өтті Темірлан Мұхамедиянов. – Егер дәл солай жасасам жеңіске жететінімді білдім. Және барлығы да мен ойлағандай өтті».

«Кросс-кантри олимпик»  сайысынан ерлер ұзақтығы 4,5 шақырым болатын 7 айналым жүріп өтті. 1-орын үшін тартыс соңғы айналымда болды. Тараздан келген Шәкір Әділов Денис Сергиенкодан  басым түсті.  Ал астаналық маунтинбайкер Темірлан Мұхамедиянов  мәре сызығын 3-болып кесті.

«Басында жарыс басталғанда қиын болды. Кейін төмендей бердік. Тегіс жолмен жүрдік. Қарсылас деген ылғи да табылады. Олар сенен де жақсырақ жүруге тырысады. Мен осындай қорытындыға келдім. Және көрсеткен нәтижеме көңілім тоады», – деді Шәкір Әділов.

Әйелдер арасында өткен сайыста жарыс жолы екі айналымға қысқа болды. Және Алматы обылысының өкілі Татьяна Генелеважеңіске жетті. 2-орынды Татьяна Богданова иеленсе, Екатерина Степанова үздік үштік қатарын толықтырды.

 «Команда дайындықтан өткен. Ұзақ уақыт бойы Шымбұлақта жаттығу жиындарын өткіздік, – деп атап өтті Қазақстан Республикасының маунтинбайктен бас бапкері Александр Дымовских. – 21 күн бойы оқу-жаттығу жиындарында болдық. Биылғы жылғы ең басты жарыс Ливанда басталады. Ол жақта Азия чемпионаты өтеді. Бұл лицензиялық турнир. Бірінші орын алған спортшы бірден Олимпиада ойындарына жолдама алады».

Азия чемпионатына қатысатын ерлер құрамасының спортшылары анықталды. Олардың арасында Шәкір Әділов, Темірлан Мұхамедиянов және Кирлл Казанцевтар бар. Олардан бөлек құрлықтық біріншілікке андер Денис Сергиенконың да қатысуы мүмкін. Ливанда жарыс басталардан екі күн бұрын біздің спортшыларымыз жасөспірімдермен бірге құрылған командамен эстафетаға қатысады. 

 

Share:

Leave a comment

Войти с помощью: