23 09.2019

Тас жолдағы велоспорттан Йоркширде өтетін Әлем чемпионатында бақ сынайтын Қазақстан құрамасының спортшылар құрамы

22−29 қыркүйек аралығында Йоркшир графтығында (Ұлыбритания) тас жолдағы велоспорттан Әлем чемпионаты өтеді.

Ұлттық құраманың шабандоздары топтық және жекелей жарыстар бойынша ел намысын қорғайтын болады. Йоркширге аттанатын ұлттық құрама сапында 18 спортшы бар. Олар таңдаулы ерлер, таңдаулы әйелдер, андерлер (ерлер), жасөспірімдер мен қыздар.

Әлем чемпионатында бақ сынайтын Қазақстан құрамасының спортшылар құрамы – Алексей Луценко, Юрий Натаров, Евгений Гидич, Жандос Бижігітов, Дмитрий Груздев, Даниил Фоминых, Наталья Сайфутдинова, Махаббат Үмітжановалар.

U23: Евгений Федоров, Вадим Пронский, Глеб Брусенский.

жасөспірімдер: Александр Винокуров, Николя Винокуров, Максим Попугаев, Дмитрий Носков, Ульяна Сухоребрик, Диана Буканова, Анастасия Лынник.

Ерлер арасында өтетін жекелей жарыста Алексей Луценко мен Даниил Фоминых өнер көрсетеді.

Ерлер арасында өтетін топтық жарысқа Алексей Луценко, Дмитрий Груздев, Юрий Натаров, Жандос Бижігітов және Евгений Гидичтер қатысады.

Андер санаты бойынша бақ сынайтын Қазақстан құрамасы өте мықты. Жекелей сында Евгений Федоров пен Вадим Пронский жарыс жолына шығады. Топтық жарысқа Евгений Федоров, Глеб Брусенский және Вадим Пронскийлар қатысады.

Қазақстандық жасөспірімдер өз қарсыластарына мықты бәсекелес болмақ. Жекелей жарысқа үш жасөспірім – Николя Винокуров, Максим Попугаев және Дмитрий Носков қатысады. Ал топтық жарысқа олардың қатарына Александр Винокуров қосылады.

Әйелдер арасында өтетін топтық жарыста Наталья Сайфутдинова мен Махаббат Умітжанова сынға түседі.

Йоркширға аттанатын қыздар тобы үш шабандоздан тұрады. Жекелей жарысқа Ульяна Сухоребрик пен Диана Буканова қатысады. Топтық сайыста оларға Анастасия Лынник қосылады.

Әлем чемпионатының соңғы сайысы – ерлер арасындағы топтық жарыс 29 қыркүйек өтеді. Шабандоздар Лидсте жарыс жолына шығып, үш асуды бағындырғаннан кейін пелотон Харрогейтке қайта оралады. Ол жерде велесебедшілер техникалық тұрғыдан қиын, 13 шақырымдық жеті айналымды жүріп өтеді.

 «Бұл чемпионат өте қиын болады, — деп атап өтті тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының бас бапкері Асан Базаев. – Ерлер арасында өтетін топтық сайыстың жарыс жолының ұзақтығы 285 шақырымды құрайды. Тас жолдың рельефі классикалық жарыстарда жақсы жүретін шабандоздарға қолайлы болады. Тас жолдың қиындығы оның төмен орналасқандығына емес, техникалық құраушысына байланысты болады. Біз тек алдыңғы шепте болып, күшімізді 285 шақырымдық жарыс жолында дұрыс пайдалануымыз қажет. Ең басты мақсатымыз алғашқы бір сағат бойы кедергілерге тап болмай, құламай, дөңгелегіміз тесілмей жүріп өтіп, 200 шақырымнан кейін тек алдыңғы шепте болу. Жарыстың рельефі Алексей Луценконың ыңғайына жақсы келетіндіктен, соған үміт артып отырмыз».

Алда өтетін Әлем чемпионаты Олимпиада ойындарына іріктеу бойынша спортшылар үшін маңызды.

 «Маусымдағы ең басты мақсатымыз олимпиада лицензиясын иемдену үшін ұпай жинау, – деді Базаев. Алда өтетін әлемдік біріншілікте Токио-2020 олимпиадасына лицензия алуға болады. Яғни жекелей жарыста алғашқы ондыққа іліккен шабандоздар Олимпиададағы жекелей жарысқа қосымша лицензия алады. Осы чемпионатта ОО-2020 қатысамыз деген оймен бар күшімізді сынап көреміз. Сонымен қатар, атап өтетін бір жәйт, Токио-2020 олимпиадасына лицензия иемдену үшін іріктеу UCI-дың олипиадалық рейтингісінің қорытындысы бойынша анықталады. Про-Турларда, құрлықтық жарыстар мен Әлем чемпионатында иемденген ұпай сандары біріктіріліп, есепке алынады. Қазіргі таңда бізде тас жолдағы велоспорттан топтық жарыс бойынша 1 лицензия бар. Оны Ташкентте өткен Азия чемпионатында иелендік. Қазір рейтинг бойынша біз 21-орында келеміз. Бұл есеп бойынша олимпиадалық топтық жарысқа 3 лицензия және жекелей жарысқа 1 лицензия алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бізге өз позициямызды сақтап қалу қажет».

 

Жарыстың бағдарламасы:

22 қыркүйек

Командалық жарыс бойынша аралас эстафета (28 шақырым)

 

 23 қыркүйек

Жекелей жарыс(14 шақырым) – қыздар

Жекелей жарыс(28 шақырым) – жасөспірімдер

 

24 қыркүйек

Жекелей жарыс (30 шақырым) – әйелдер

Жекелей жарыс (30 шақырым) – андерлер

 

25 қыркүйек

Жекелей жарыс (54 шақырым) – ерлер

 

26 қыркүйек

Топтық жарыс (148 шақырым) – жасөспірімдер

 

27 қыркүйек

Топтық жарыс (92 шақырым) – қыздар

Топтық жарыс (192 шақырым) – андерлер

 

 28 қыркүйек

Топтық жарыс (150 шақырым) – әйелдер

 

 29 қыркүйек

 Топтық жарыс (285 шақырым) – ерлер

 

Share:

Leave a comment

Войти с помощью: