04 11.2019

ТРЕК ВЕЛОСПОРТЫНАН ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ: ЖАРЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Минскіде 1-3 қараша аралығында трек велоспортынан Әлем Кубогінің алғашқы кезеңі өтті.

Әлем Кубогі жарысына ұлттық құрамамыздан темптік сайысқа қатысушылар арасынан Артем Захаров, Әлішер Жұмақан, Роман Василенков және Рината Сұлтановалар және спринтерлерден Сергей Пономарев, Максим Налетов, Андрей Чугай және Дмитрий Резановтар аттанды.

Әлішер Жұмақан скртетч сайысынан квалификациядан сәтті өтті. Шешуші жарыстарда ол 20-орынға ие болды. Ал із қуу бойынша қазақстандық шабандоз 12-нәтиже көрсетті.

Спринтте Андрей Чугай 23-орынға ие болса, Максим Налетов 30-нәтиже көрсетті

Кейриннен Сергей Пономарев квалификациялық раундтан өте алмай қалды. Дегенмен, алғашқы айналымда өнер көрсеткені оның 1/4 финалға жолдама алу үшін жұбаныш раундында қатысуға мүмкіндік берді. Тек бірінші мәре сызығын кескен спортшы ғана келесі кезеңге жолдама алды.  Өкінішке орай ол мәреге екінші болып келді.

Рината Сұлтанова скретч сайысы бойынша 11-нәтиже, ал омниум сайысы бойынша  23-нәтиже көрсетті.  

Омниумнан команда көшбасшыларының бірі Артем Захаров 14-орынға ие болды. Ал дәл осы сайыс түрі бойынша британиялық Мэттью Уоллсқа тең келер ешкім болмады. Элия Вивиани (Италия) 2-орынға ие болса, португалиялық Руй Оливьера үздік үштіктің қатарына ілікті.

Share:

Leave a comment

Войти с помощью: