06 11.2019

Винокуров отандастарына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді

Бельгия соты Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті, “Астана” велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровтың кінәсіз екенін дәлелдеп шықты.

Кеше, 5 қараша күні Бельгия соты үкім Винокуровтың пайдасына шешілді. Талқыланған мәселе 2010 жылы өткен “Льеж – Бастонь – Льеж”жарысына байланысты болды.

Сот ісі бірнеше жылдар бойы қаралды. Және сол уақыт бойы федерация Александр Винокуровқа сенім артып келді.

«Бірнеше жылдардан бері федерация біздің спортшымызды қолдаумен келді. Бельгиялық соттың әділ үкім шығаратынына сендік. Александр Винокуров біздің вице-президентіміз. Және осы уақытқа дейін ол бір де бір мәрте өзінің атқарған жұмысында күмән тудырған емес. Енді одан әрі жұмыс жасауды жалғастырамыз. Бізді алда үлкен сынақтар мен оқиғалар күтіп тұр. Онда ең басты рөлде Винокуров болмақ» – деді Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Нұрлан Смағұлов.

Алдағы уақытта федерация әділ додаларда өз еңбегімен медаль иеленіп, жеңіске жеткен отандық шабандоздарымызды да қолдаусыз қалдырмайды.

“Ұзаққа созылған сұрақтың нүктесі қойылғанына мен өте қуаныштымын. Сот жалғыз ғана әділ үкім шығарды. Біз биыл маусымды сәтті өткіздік. Алда атқаратын көптеген жоспарлар мен жұмыстар күтіп тұр. Спорттың нағыз жанашырлары мен барлық қазақстандықтарға қолдау көрсеткендері үшін алғысымды білдіремін. Қазір тек болашаққа қараймыз. Алда көп жеңістер күтіп тұр», – деді Винокуров.

Айта кетсек, сот ісі нақты дәлелдің болмағандығына байланысты тоқтатылды.

 

Share:

Leave a comment

Войти с помощью: