29 11.2019

ҚВСФ форумы: Велоспорттың дамуына үлес қосқандары үшін екі аймаққа автокөлік табысталды

28 қараша күні Алматы қаласында Қазақстан велоспорт федерациясының форумы өтті. Форум күні қосымша бірнеше іс-шара ұйыидастырылып, сәтті өткен маусымның қорытындысы бойынша үздік спортшылар марапатталды.

 

Форумның алғашқы маңызды отырысында ұлттық құрамалардың бапкерлері мен облыстардың және балалар мен жасөсіпірімдердің спорт мектептерінің бас бапкерлерінің қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті.

 

Оны Федерация президенті Нұрлан Смағұлов ашты. ҚВСФ-ның басшысы ең алдымен команда өкілдерінің тас жолдағы велоспорттан Олимпиада ойындарына үш жолдама алған жетістіктерін атап өтті. Сонымен қатар елімізде велоспорттың дамуы мен қазіргі таңдағы мәселелер жайлы сөз қозғады.

 

«Қазақстан велоспорт федерациясына басшылық қызметке келгеніме бір айдан аса уақыт өтті. Ең әуелі алда атқаратын ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын атап өткім келеді. Бізге бірінші кезекте елімізде велоспорттың даму бағыттарын анықтап, бірнеше мәселелердің шешімін табу қажет. Жыл соңында 2020-жылға арналған негізгі бағыттарды анықтайтын боламыз. Сөзсіз, біздің жұмысымыз осы спорт түрінің аймақтарда даму деңгейін жоғарылатуға бағытталады. Біз әрбір мектептің материалды-техникалық жағдайын және велоспорт бөлімдерінің жағдайын анықтау мақсатында қалаларды аралауды бастап кеттік. Сонымен қатар бапкерлер мен де белсенді жұмыс атқарып жатырмыз.

 

Келер жылы Олимпиада жылы екенін ұмытпауымыз қажет. Біз үш жолдама жеңіп алдық. Бұл нағыз үлкен жетісітік. Сонымен қатар қазіргі таңда трек велоспортынан Олимпидаға жолдама алу үшін спортшыларымыз таласқа түсіп жатыр.

Біз велоспортқа қатысы бар адамдардың барлығын жинап, маусымды қорытындылауды жөн санадық. Көңіл-күйлеріңізді көтеріп, өткен маусымда өзін таныта білген спортшалырымызды марапаттау үшін жиналдық. Оған қоса балалар велоспортына қолдау көрсетіп, оның дамуына ат салысамыз. Велоспортты дамыту мақсатында арнайы қаражат бөлінеді. Келер жылы рейтинг бойынша аймақтарға үш автокөлік кілтін тапсырамыз.

Жалпы алда үлкен мақсаттар мен маңызды мәселелер күтіп тұр», – деді Қазақстан велоспорт федерациясының президентә Нұрлан Смағұлов.

 

Федерацияның атқарушы директоры Дмитрий Муравьев өз баяндамасын ұсынды. Биыл ол аймақтарда жалпы тексеру жүргізіп, матералдық-техникалық жағдайды бағалап, спорт мектептерінің жағдайын анықтады.

 

Өткен жылы қазақстандық велоспорт үшін айтулы жағдай орын алды. Және маусым қорытындысы бойыша Федерацияның фице-президенті Александр Винокуров, тас жолдағы велоспорттан құраманың бас бапкері Асан Базаев, әйелдер арасындағы тас жолдағы велоспорттан бас бапкер  Вадим Кравченко мен маунтинбайктан команданың бас бапкері Александр Дымовских сөз сөйледі.

 

Форум аясында төрешілер алқасының отырысы өтті. Оның негізгі тақырыбы 2020-жылға арналған күнтізбені қарастыру еді. Ең алдымен келесі жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындары жайлы мәселе қозғалды.

Одан бөлек антидопинг жайлы семинар өтті. Бөлім-бөлімдер бойынша антидопингтік ережелер мен жауапқа тарту, қолдануға тыйым салынған препараттадың тізімімен танысу, терапия мақсатында дәрілік заттарға рұқсат беру, сонымен қатар ББҚ-ды пайдаланғаннан кейін туындауы мүмкін мәселелер жайлы бөлек-бөлек сөз қозғалды. Алдағы олимпиада жылы өте  жоғары деңгейде жауапкершілікті талап ететіні жайлы айтылды.

 

Форум сәтті өткен маусымда ерекше көзге түскен спортшыларды марапаттаумен аяқталды. Естеріңізге сала кетсек, 2004 жылдан бері команда алғаш рет тас жолдағы велоспорттан үш жолдама жеңіп алды. Ал қалған дисциплиналар бойынша Токиода өтетін Олимпидаға жолдама алу үшін талас жалғасуда.

2019 жылы спринтерлік сайыстар бойынша  тректен Сергей Пономарев үздік деп танылды. Темптік сайыс бойынша Артем Захаров марапатталды. Ал әйелдер арасында тректің темптік түрі бойынша Рината Султанова үздік атанды.

 

Тас жолдағы велоспроттан маусым қорытындысы бойынша Алексей Луценко мен Светлана Пащенко, ал маунтинбайктен  Шакир Адилов  үздік нәтиже көрсетті.

 

Өткен маусымда маңызды жетістіктерге қол жеткізген аймақтарға автокөлік кілттерін табыстау ерекше оқиға болды. Astana Motors Тараз қаласындағы балалар мен жасөспірімдер мектебінің бөліміне және Алматы облысындағы велоспорт федерациясының бөліміне жарыстарды өте жоғары деңгейде ұйымдастырғандары үшін «Hyundai Accent» автокөлігі табысталды. Дәл осы автокөлік маркасы болашақта велоспортты дамыту мақсатында Екібастұз қаласындағы велоспорт федерациясының бөліміне табысталды.

 

Құрлықтық додаларда ерекше көзге түскен Евгений Гидич, Даниил Фоминых, Евгений Федоров, Максим Попугаев, Ульяна Сухоребрик, Андрей Чугай, Ақпейіл Өсім, Александр Бекенов, Сергей Помонарев, Сергей Кармажаков, Кристина Титовская, Кристина Стужук, Эльвира Хамзина, Темірлан Мухамедияновтар марапатталды.

 

Ал іс-шара соңында әрбір аймаққа жасөспірімдерге арналған 70 дана «Vino Bike» велосипедтері тапсырылды.

image-29-11-19-10-17-15
image-29-11-19-06-19-4
image-29-11-19-10-17-10
image-29-11-19-10-17-8
image-29-11-19-10-17-5
image-29-11-19-10-17-2
image-29-11-19-10-17-1
image-29-11-19-06-19-3
image-29-11-19-06-19-2
image-29-11-19-06-19-1
image-29-11-19-10-17-14
image-29-11-19-10-17-12
image-29-11-19-10-17-13
image-29-11-19-10-17-7
image-29-11-19-10-17-6
image-29-11-19-10-17-3
image-29-11-19-06-19
Share:

Leave a comment

Войти с помощью: