29 09.2017

Алматыда «Алматы туры – 2017» веложарысының қарсаңында қатысушы командаларды салтанатты таныстыру рәсімі өтті

29 қыркүйекте, «Алматы туры – 2017» халықаралық кәсіпқой көпкүндік веложарысының қарсаңында қатысушы командаларды салтанатты таныстыру рәсімі өтті. Шара Қазақстанның оңтүстік астанасындағы Абай атындағы алаңда өтті.

d4s_1992-1

«Алматы туры» жаңа көпкүндік форматта өткізілгелі жатқандықтан қатысушы командалардың таныстырылымын өткізу параметрі де өзгерді. Алдыңғы жылдары өткен «критериумде» қатысушылар жарыс старты қарсаңында таныстырылса, биыл салтанатты шара жарыс күнінен бөлек күнде өткізілді.

Велододаның бесінші нұсқасына қатысушыларды таныстыру салтанатты шарасында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен Қазақстан велоспорт федерациясының президенті, Парламент сенаторы Дархан Кәлетаев сөз сөйледі.

izt_2868

«Алматы туры – 2017» жарысына әлемнің 17 елінен 20 команда келді.

Веложарыстың мерейтойлық нұсқасына дәстүрлі түрде әлемдік турдың кәсіпқой командасы «Astana Pro Team» қатысады. Команда алғашқы төрт жарыста да «алматылық» жарыстың жеңімпазы атанған.

Тіркелген қатысушылардың басым бөлігі құрлықтық велокомандалар. Дәстүрлі түрде «Synergy Baku Cycling Project» командасы қатысады – әзірбайжандық велошабандоздар «Алматы турына» жоба құрылған кезден бері қатысып келеді. Сондай-ақ, велододаның мерейтойлық нұсқасына Малайзиядан, Қытайдан, Украинадан және Ираннан келді, олар да жарысқа өткен жылдары қатысқан еді. Құрлықтық командалардың арасында АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Беларусь, Швейцария және Жапониядан командалар таныстырылды.

«Алматы турына» Италиядан тұңғыш рет «Wilier Triestina Selle Italia» кәсіпқой құрлықтық командасы келіп отыр. Жарысқа жалпы екі кәсіпқой құрлықтық команда келді – «Delko Marseille Provence Ktm» командасының француз велошабандоздары жарыстың өткен жылғы нұсқаларына қатысқан.

Көршілес Өзбекстан ұлттық құрамасының велошабандоздары «Алматы турына» осымен төртінші рет келіп отыр. «Алматы туры – 2017» жарысына қатысушы ұлттық құрамалар тізімінде Қазақстаннан, Латвиядан және Словакиядан командалар бар.

Қатысушы командалардың толық тізімі:

АЛМАТЫ ТУРЫ – 2017
ҚАТЫСУШЫЛАР ТІЗІМІ
  Код Команда атауы Ел
Команда атауы
1 KAZ KAZAKHSTAN NATIONAL TEAM ҚАЗАҚСТАН
2 LAT LATVIAN NATIONAL TEAM ЛАТВИЯ
3 SVK SLOVAKIAN NATIONAL TEAM СЛОВАКИЯ
4 UZB UZBEKISTAN NATIONAL TEAM ӨЗБЕКСТАН
UCI құрлықтық командалары
5 CYC 0711 / CYCLING ГЕРМАНИЯ
6 BIK BIKE CHANNEL CANYON ҰЛЫБРИТАНИЯ
7 BGT BRIDGESTONE ANCHOR CYCLING TEAM ЖАПОНИЯ
8 KLS KOLSS CYCLING TEAM УКРАИНА
9 MCC MINSK CYCLING CLUB БЕЛАРУСЬ
10 NLC NINGXIA SPORTS LOTTERY – LIVALL CYCLING TEAM ҚЫТАЙ
11 PKY PISHGAMAN CYCLING TEAM ИРАН
12 TRA ROTH – AKROS ШВЕЙЦАРИЯ
13 BCP SYNERGY BAKU CYCLING PROJECT ӘЗІРБАЙЖАН
14 TST TABRIZ SHAHRDARY TEAM ИРАН
15 ILU TEAM ILLUMINATE АҚШ
16 TSG TERENGGANU CYCLING TEAM МАЛАЙЗИЯ
17 VAM VINO – ASTANA MOTORS ҚАЗАҚСТАН
UCI кәсіпқой құрлықтық командалары
18 DMP DELKO MARSEILLE PROVENCE KTM ФРАНЦИЯ
19 WIL WILIER TRIESTINA – SELLE ITALIA ИТАЛИЯ
UCI әлемдік турының командалары
20 AST ASTANA PRO TEAM ҚАЗАҚСТАН

Салтанатты шара кезінде «Алматы туры – 2017» қатысушыларымен қатар қазақстандық жаңа команда таныстырылды – “Apple Team” командасының қазіргі уақытта ұлттық команда статусы бар. Оның құрамына Алматы қаласының намысын халықаралық жарыстарда қорғайтын болашағынан үміт күттіретін велошабандоздар бар.

d4s_2112

Шараның ресми бөлігімен қатар, ұйымдастырушылар көңіл көтеру әрі музыкалық бағдарламалар ұйымдастырды. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының алдында «Komancheros» live-бэнді өнер көрсетті. Салтанатты шара мерекелік фонтанмен аяқталды.

Еске салайық, «Алматы туры – 2017» ертең, 30 қыркүйекте таңғы уақытта «Астана» алаңынан бастау алады. Бірінші кезеңнің мәресі «Алматы Арена» ғимаратының алдында орналасады. Веложарыстың екінші кезеңі 1 қазанда өтеді және мәресі Медеуде орналасады.

Share:

Leave a comment

Войти с помощью: