11 01.2018

«Apple Team» жаңа қазақстандық велокомандасы континенттік мәртебесін алды

Алматыдағы «Apple Team» жаңа қазақстандық кәсіби велокомандасы Халықаралық велосипедшілер одағының континеттік лицензиясын алды (UCI). Команда құрамына 15 жарысушы кіреді:
Илья Давиденок
Артур Федосеев
Дмитрий Риве
Ислам Усманов
Шакир Адилов
Николай Зайцев
Антон Лаврентьев
Вадим Галеев
Олег Земляков
Илья Горбушин
Павел Гацкий
Дмитрий Лукьянов
Максат Аязбаев
Александр Гладилин
Юрий Щербинин
Спорт директоры – Евгений Яковлев
Жарысушылардың басым көпшілігі – алматылық спортшылар. Команда өз бастауын елдегі бірінші өңірлік велоклубтардың бірі болып табылатын «Алматы велоклубынан» алады, 2017 жылы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жаңа континенттік клубы мәртебесін иеленуге бағыт алды. Команданың тұсау кесер рәсімі «Тур Алматы 2017» халықаралық кәсіби веложарысының бесінші мерейтойлық кезеңінде өткенін еске саламыз. Жаңа континенттік велокоманданың киімінде оңтүстік астананың танымал түстері қайталанған – жасыл жапырақты қызыл алма.
«Apple Team» спорт директоры Евгений Яковлев белгілегендей, бірінші маусым едәуір күрделі болады: «Алдымен клубтың жұмысын «бапқа келтіру» қажет. Біз көптеген мәселелермен алғашқы рет кездесетін боламыз. Бақытымызға орай, Қазақстандағы велоспорт айтарлықтай дамыған, және «Apple Team» елдің үшінші континенттік командасы болып табылатындықтан, біз әріптестеріміздің тәжірибесіне сүйене аламыз. Келешекте біз алдымызға жақсы нәтижелерге жету, келешегі бар спортшылар мен жаңа демеушілерді тарту, сондай-ақ маңызды халықаралық жарыстарға дайындалу мақсаттарын қоямыз».

Share:

Leave a comment

Войти с помощью: